Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар академиясы дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан кезекті VІІІ республикалық тәуелсіз «Үздік ұстаз» байқауын өткізді. Бұл байқауды өткізудегі мақсат – педагогикалық жұмыс саласында жоғары нәтижелерге жеткен ұстаздарды анықтап, олардың іс-тәжірибесін әріптестері арасында кеңінен тарату.
Байқауға еліміздің әр аймағынан тәжірибелі де білікті ұстаздардың қалың легі қатысып, өз кәсіби қабілеттерін ортаға салды. Солардың ішінен Ақмола облысынан да Әлия Хамидоллақызы Кәрімова жеңімпаз деп танылып, өзге байқау жеңімпаздары сияқты Өскемен қаласындағы Теңге сара-йында арнайы тапсырыспен жасалған «Үздік ұстаз» төсбелгісімен, куәлік және сертификатпен марапатталды. Жүзден жүйрік шыққан ұстаздардың жазған талдамалы есептері электронды жинақ болып шықты, олар өздеріне тапсырылып, сондай-ақ, академия сайтына енгізілді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.