Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жас өрт сөндірушілер мен құтқарушылар Көкшеде тоғысты - АРҚА АЖАРЫ

Жас өрт сөндірушілер мен құтқарушылар Көкшеде тоғысты

Көкшетау қаласында жас өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың I Халықаралық слеті өз жұмысын бастады.

Слетке Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан мемлекеттерінен келген жас құтқарушылар да қатысуда. Қазақстан намысын 2018 жылғы республикалық байқаудың 1-ші орын иегерлері Ақкөл балалар үйінің тәрбиеленушілері қорғайды.

Тәуелсіздік алаңында өткен слеттің салтанатты ашылу жиынында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың атынан қатысушыларды I Халықаралық слеттің ашылуымен құттықтап, сөз сөйледі.
–2020 жылы Ақмола облысында Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы фарумы өтеді. Сол іс-шараға байланыс-ты Көкшетау қаласында көпсалалы жасөспірімдер мен балалар сарайының құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз. Облыста «Жас ұлан», «Жас сарбаз» әскери спорттық клубы, 245 әскери-патриоттық клубтар, 30 шақты спорттық мектептерде жалпы 50 мыңға жуық бала тәрбиеленіп жатыр. Бүгінгі іс-шара сол қатысушылардың өз қабілеттерін көрсетуіне арналған үлкен мүмкіндік,– деп айта кетті Айна Мысырәлімова.
Іс-шарада бірнеше кезеңдік сайыс-
тар өткізіледі. Қатысушылар «Визит карточкасы», «Өрт эстафетасы», «Newspaper-Billboard», «Алғашқы көмек көрсету», «Техногендік апат болған аймақта апаттық құтқару жұмыстары», «Табиғат аясы жағдайында құтқару-іздестіру жұмыстары» және «Су аумағындағы құтқару жұмыстары «сынды кезеңдер бойынша бақ сынасады. Слетке Қазақстанның 14 өңірінен және Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан мемлекеттерінен барлығы 18 команда, яғни, 180 қатысушы келген. Халықаралық слет аясында Ақмола облысының атынан Азаматтық қорғаныс колледжі де қатысатын республикалық конкурс ұйымдастырылады.
– Слеттің мақсаты жас ұрпақты саналы тәрбиелеп, жастардың патриоттық сезімдерін ояту болып табылады. Ал, негізінде Төтенше жағдайлар комитетінің тапсырмасы бойынша бұл біздің азаматтарымыздың қауіпсіздік шараларына дайындығын арттырып, пысықтау үшін жасалып отыр. Сонымен қатар, осы мүмкіндікті пайдаланып, Көкшетау техникалық институтының әлеуетін де көрсетуге тырысамыз. Бәлкім, қатысушылар арасында осы оқу орнында білім алуға қызығушылық танытып, өрт сөндіруші мамандығын таңдайтын балалар жүрген болар, – деді өз сөзінде Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер.
15-19 шілде аралығында өтетін слет тек бәсекелестік емес, сонымен бірге, тәжірибе алмасу алаңына да айналып отыр.

Айтолқын АМАНГЕЛДІ.

Суреттерде: Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер; слеттің ашылу салтанатынан көрініс.
Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар