Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Бақытты отбасы» бағдарламасы – баспаналы болудың бір жолы - АРҚА АЖАРЫ

«Бақытты отбасы» бағдарламасы – баспаналы болудың бір жолы

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы Ақмола облыстық филиалында көп балалы аналарға ақыл-кеңес беру мақсатында арнайы семинар жиын өтті. Семинарды кіріспе сөзбен ашқан филиал төрағасы Бақыт Смағұл елімізде аса өзекті болып отырған көп балалы аналар мәселесі жөнінде ойларын ортаға салып, шара барысында қозғалатын жайларды атап өтті.

Шараға «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» Ақмола облыстық филиалының маманы Әсет Боранбаев, Көкшетау қаласының жұмыспен қамту орталығының кеңесшісі Арнагүл Достахина, көп балалы аналар, демеушілер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Семинар барысында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы Ақмола облыстық филиалының маманы Әсет Боранбаев «Бақытты отбасы» арнайы бағдарламасы жөнінде тілге тиек етті. Аталған бағдарлама көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларды баспанамен қамтуға бағытталған. Бұл мақсатқа мемлекет тарапынан 50 миллиард теңге бөлініп отыр. Бағдарлама ережесіне сәйкес айлық жалақысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен (42500 теңге) аз кірісі бар көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе толық емес отбасылар 10 миллион теңгеге дейінгі сомадағы жаңадан салынған немесе қайталама нарықтағы үй алуға мүмкіндік алады. Ол үшін жинақ депозитінде алуға ниетті баспананың он пайызы болуға тиіс.
Сондай-ақ, семинар барысында жұмыспен қамту орталығының маманы Арнагүл Достахина сәуірдің 1-інен бас-тап беріле бастаған атаулы әлеуметтік көмектің жай-жапсарына тоқталып өтті. Өз кезегінде көп балалы аналар тұрғын үй құрылыс жинақ банкі маманына және халықты жұмыспен қамту орталығының кеңесшісіне өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Жиын соңында демеушілерге партия филиалының төрағасы Алғыс хат табыс етіп, ал демеушілер көп балалы аналарға арнайы сыйлықтар ұсынды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар