Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өртті сөндіру кезіндегі шараларға мұқият болайық - АРҚА АЖАРЫ

Өртті сөндіру кезіндегі шараларға мұқият болайық

Жаз басталысымен жүздеген дем алушылар табиғатқа шығады. Алайда, адамдардың абайсыздығы мен салғырттығы кейде қайғылы өртке әкеп соғады.

Өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес өрттердің алдын алу үшін:
– елді мекендердің аумақтары мен ұйымдар шегінде ғимараттардың, құрылыстар мен ашық қоймалардың, сондай-ақ, учаскелерге іргелес орналасқан тұрғын үйлер, саяжайлар мен басқа да құрылыстардың маңайы жанғыш қалдықтардан, қоқыстан, ыдыстан, ағаш жапырақтарынан, құрғақ шөптен уақтылы тазартылуы;
– қызметі дала, орман және тоғайлы алқаптарда жүзеге асырылатын ұйымдардың басшылары өздеріне сеніп тапсырылған аумақта өрттің пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауы;
– автомобиль және темір жол бойындағы ағаш отырғызуды периметрі бойынша кемінде 4 метр жолақпен жүргізуі;
– дала алқаптары ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан жер телімдерінің шекарасы бойынша ені кемінде 4 метр жолақпен жыртылу керек.
Өртті болдырмау мақсатында жанып тұрған сіреңке мен темекі тұқылын жерге тастамаңыздар. Алауды тек топырақ қабатына дейін тазартылған алаңға жағыңыз. Отты сумен сөндіріңіз немесе ошақтың жануы толық тоқтағанға дейін бақылаңыз. Шыны ыдысты және сынған шыныны қалдырмаңыз.
Басталған өртті ұзындығы 2 метрге дейінгі жапырақты ағаштардың бұтақтарымен сөндіріңіз немесе жер лақтырыңыз. Дала өрттерін сөндіру кезінде:
1. Жалынды қаптармен, басқа қолда бар құралдармен өшіріңіз;
2. Егер қолыңызда техника болса, оны да дереу пайдалануға тырысып, өрт учаскесін сөндіріңіз немесе қорғаныс мақсатында жерді жыртуды жүргізіңіз;
3. Ең алдымен, оттың таралуын тоқтатып, одан кейін ең қарқынды жану орындарындағы отты сөндіру керек. Бұл ретте су ағысын жалын емес, жанған жерге бағыттау керек.
Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірі бойынша өртке қарсы қызметке хабарлаңыз!

Көкшетау қаласының төтенше жағдайлар бөлімі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар