Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Қорғау» жобасының тұсауы кесілді - АРҚА АЖАРЫ

«Қорғау» жобасының тұсауы кесілді

Астаналық қоғам белсенділері жергілікті өңірмен бірлесе жұмыс істеуді қолға алды. Осы орайда, облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Eurasian Expert Council» қоғамдық қоры халықаралық сұхбат алаңдарына қатысу бағытында өңірлік үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе жұмыс істеуді нығайтуға бағытталған бірқатар шаралар өткізді.

Алдымен, белгілі қоғамдық белсенді, «Eurasian Expert Council» қоғамдық қорының директоры Шыңғыс Лепсібаевтың қатысуымен «Қазақстан Республикасы мен шетелдегі қоғамдық дипломатия» аясында негізгі талдау, критерия, сондай-ақ, қоғамдық дипломатияның құралдары мен қағидаты бөлек-бөлек қаралған тренинг болып өтті.
–Арыз-шағым түсетін жиырма шақты базалық бағыт бар. Осы бағыттарда адамдар сотқа шағымданады. Сайт болса, мобильдік ұсыныс болатыны белгілі. Мәселен, жол полициясы көлік жүргізушісін тоқтатып, заң бұзушылыққа байланысты хаттама толтыра бастағанда хаттаманың дұрыс-бұрыстығын сайтты ашып көруге болады. Бұл жерде жол полициясы мен көлік жүргізушісі заңды білуі қажет. Сөйтіп, жүргізуші өз құқын қорғайды. Азаматтар заңгерлерге жайдан-жай ақша төлемеулері тиіс. Заң өрескел бұзылса, үкіметтік емес ұйымдарға шағымдануға болады. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар заңды біле бермейді. Осы орайда, осындай әр отбасында болып, заңгерлердің қайда отыратынын айтып, сайт қалай пайдаланылатынын көрсету керек. «Корғау» жобасы келесі айдың аяғында жүзеге асырыла бастайды. Бұған үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар атсалысуы керек,–деген Шыңғыс Лепсібаев үкіметтік емес ұйымдарды мемлекет тарапынан қолдау жөнінде айтып берді.
Бұдан кейін іс-шара «Азаматтық қоғам дамуындағы сұхбат алаңының рөлі: халықаралық тәжірибе» тақырыбында дөңгелек үстелмен жалғасты. Мұнда сөз сөйлеген Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ғалым Шойкин республикалық жобаның тұсаукесері Ақмола облысында жасалып жатқаны көңілге қуаныш ұялататынын айтты.
– «Азаматтық қоғам дамуындағы сұхбат алаңының рөлі: халықаралық тәжірибе» жобасы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мемлекеттік гранты аясында жүзеге асырылуда.
Бұған дейін осы бағыттағы семинар Көкшетау қаласында болып өтті. «Қорғау» жобасын жүзеге асыруға Ақмола облысының барлық мекемелері мен үкіметтік емес ұйымдары атсалысады. Бүгінгі таңда азаматтық қоғамның көзі ашылып, саяси үрдіске араласа бастады. Оны өткен жолғы Президент сайлауынан аңғаруға болады. Тәуелсіздік алған жылдан бері үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар даму жолынан өтті. Қосшы кентіндегі қоғамдық ұйым ортақ пікірге келіп, қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге ықпал етіп келеді.
Мұндай жергілікті қоғамдық ұйымды әр селолық округте ашуды жоспарлап отырмыз. Әр деңгейдегі әкімдердің акаунты құрылды. Олар осынау құрал арқылы жергілікті тұрғындармен жұмыс істейді. Біздің басқарма әлеуметтік желідегі арыз-шағымдарға тәулік бойы мониторинг жүргізеді. Кейін мұндай тұрғындардың жауапты тұлғалармен кездесуіне, басшылардың жауап беруіне ықпал етеміз. Біздің облыста 700 үкіметтік емес ұйым болса, оның 500-і белсенді жұмыс істейді. Олардың көбі «Намыс» саяси клубына қатысады. Өңірлердегі қоғамдық кеңес қаулылар мен өзекті мәселелерді талқылайды. Үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істейді. Оларға бөлінетін қаржы көлемі ұлғайып келеді,–деді Ғалым Шойкин.

Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар