Еңбекақыны арттыруға 4,8 миллиард теңге бөлінді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасына сайланған Президенті қызметіне ресми кірісу рәсімінде сөйлеген сөзінде он маңызды бағыт белгілеген болатын. Соның бірінші бағыты халықтың табысын арттыруға арналған.

Бұл мәселені тұрақты және қарқынды экономикалық өсім арқылы шешуге болатыны белгілі. Ақмолалықтар өз елінде алаңсыз өмір сүріп, еңбек етуі үшін экономикалық өсім болуы тиіс. Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған елімізді индустрияландыру, агроөнеркәсіп кешені мен кәсіпкерлікті дамыту, тұрақты макроэкономикалық орта құру, бюджеттік қаржыны тиімді пайдалану, тұрмыс сапасын арттыру, білім және денсаулық сақтау саласын нығайту, аумақты дамыту, мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен мемлекеттік қызметтің сапасын
арттыру тәрізді міндеттер белгіленді.
Халықтың табысын арттыруға арналған бірінші бағыт жөнінде айтатын болсақ, облысымызда еңбекақысы төмен 65,6 мың еңбеккер 14 мыңға жуық кәсіпорын мен ұйымдарда жұмыс істейді. Биылғы жылдың басынан бері 5,6 мыңнан астам кәсіпорын мен ұйым 39 мыңнан астам еңбеккердің еңбекақысын 37 пайызға арттырды. Атап айтқанда, 81 ірі, 55 орта, 5 482 шағын бизнес субъектісі еңбекақыны 36,6 мың теңгеден 50,3 мың теңгеге дейін көтерді. Еңбекақы аз төленетін санатқа кіретін облыстағы 15,2 мың еңбеккерге салынатын салық мөлшері азайды. Бұдан түскен 231 миллион теңге қаржы олардың еңбекақысын арттыруға бағытталды. Бюджеттік ұйымдардағы еңбекақы аз төленетін 31,6 мың еңбеккердің еңбекақысы орташа есеппен 35 пайызға өсті. Еңбекақыны арттыруға 4,8 миллиард теңге бөлінді. Сөйтіп, өңірімізде Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары жүзеге асырылуда.

Қанат ДҮЗЕЛБАЕВ,
Ақмола облыстық экономика
және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.

 96 Total Views,  2 Views Today

By Арқа ажары

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар