Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Киік ғұмыр оққа ұшты - АРҚА АЖАРЫ

Киік ғұмыр оққа ұшты

Бұл оқиға 23 шілде күні Жарқайың ауданының Бірсуат ауылына жақын маңда орын алды. Қостанай облысының нөмірі бар ақ түсті «Нива» автокөлігінен тоқтатпақ болған инпекторларға қарсы оқ атылып, соның нәтижесінде екі инспектор жарақат алған. Жараланған инспекторлардың бірі ауруханаға жеткізілгенше қаза тапса, екіншісіне ота жасалып, денесінен оқ-дәрі алынды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев браконьерлердің қолынан қаза тапқан азамат Қаныш Нұртазиновтың отбасына көңіл айтты. «Браконьерлермен арпалыста ерлікпен қаза болған қорықшының жақындарына шынайы көңіл айтамын. Қаскөйлер ұсталып, жауапқа тартылады. Киіктерді атқаны үшін жазаны күшейту қажет. Қаза тапқан Қ.Нұртазинов марапатталатын болады. С.Оспановтың сауығып кетуін тілеймін», – деп жазды өзінің TWITTER парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев қызметтік міндетін орындау барысында браконьерлердің қолынан қаза тапқан қорықшы Қаныш Нұртазиновтың туыстары мен отбасына көңіл айтты.

Бұл туралы облыс басшысы өзінің Instagram парақшасында былай деп жазады:
Жарқайың ауданының Бірсуат селосына жақын жерде қайғылы оқиға орын алды. «Охотзоопром» республикалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны филиалының инспекторлары қызметтік міндетін орындау барысында шабуылға ұшырады. Суық қарудан жараланған инспектор 1976 жылы туған Қаныш Нұртазинов қайтыс болды. Ауыр жарақат алған екінші инспектор 1975 жылы туған Самат Оспанов менің тапсырмам бойынша санитарлық авиациямен жедел ауруханаға жеткізілді.
Отан алдындағы міндетін орындау жолында қаза тапқан
Қаныш Нұртазиновтың отбасы мен туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Біздің медицина қызметкерлеріміз оның өмірін сақтап қалу үшін ең соңғы сәтке дейін аянбай күресе білді.

Полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру шарасы барысында инспекторларға оқ атқан 45 жастағы Арқалық қаласының тұрғыны мен оның 20 жастағы ұлы ұсталды деп, хабарлайды ҚазАқпарат.
Жалпы елімізде аңшылық қоғамы инспекторларына қарсы қару қолдану оқиғасы бұл бірінші рет болып отырмағандығын айта кеткен артық болмас. Бұдан бұрынырақта Қарағанды облысы Нұра ауданында браконьерлер екі инспекторды атып, соның салдарынан Ерлан Нұрғалиев деген инспектор ауруханада көз жұмған еді. Оны атқан қылмыскерлер кейінірек Қызылорда қаласынан ұсталып, заң алдында жауапқа тартылған болатын.
Жарқайың ауданы Бірсуат ауылының әкімі Бақытгүл Әбенова браконьерлер тарапынан жасалып жүрген келеңсіздіктер тыйы-
луы тиіс деп санайды. «Браконьерлердің бұндай жанкешті әрекеттерге баруының себебі түсінікті. Өйткені, киіктің мүйізі көлеңкелі нарықта аса қымбат тұрады және оған валютамен төлейді. Табиғатты қорғаушылар әрдайым өмірлерін қатерге тігуге мәжбүр», – дейді ол.
Ертеректе Арқада өріп жүретін киік тұқымы азайғаны сонша, оны мемлекет арнайы қорғауына алып отыр. Мемлекет тарапынан қорғауға алынудың арқасында саны біршама өсіп қалған киіктердің 2015 жылы көктемде белгісіз аурудан жаппай қырылуы ақбөкен санының күрт азаюына ұшыратқан. Осындай жағдайда саны азайған қыр киігін мүйізі үшін рұқсатсыз аулайтын браконьерлерден қорғау қазіргі күні «Охотзоопром» инспекторларының жауапты міндеті болып отыр. Осы мекеменің инспекторлары Валерий Надыршин мен Назар Реджеповтың айтуынша, патрульдік қызмет саны аз және техникалық жабдықталу жағы да көңіл көншітерлік дәрежеде емес. Соған қарамастан, инспекторлар өз міндеттерін адал орындауда.
Ресми деректерге назар аударып қарасақ, соңғы төрт жылда браконьерлік қылмысқа қатысты қозғалған істер саны 70-тен 154-ке дейін өсіпті. Ал, олардың табиғатқа келтірген залал көлемі 20 есеге артқан. Өкініштісі сол, қазіргі қолданыстағы заң браконьерлерді қатаң жазалап, олар тарапынан жасалып отырған келеңсіздікті тыюға көмектеспейді дейді «Охотзоопром» филиалының инспекторы. Осы орайда, Мемлекет басшысының браконьерлерге қарсы заң талаптарын қатаңдату қажет дегені бүгінгі күн талабынан туындаған қадам екені анық.
Қалкөз ЖҮСІП,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Жарқайың ауданы.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар