Көкшетауда жүк авто-көліктерін құрастырып шығаратын танымал «КамАЗ-Инжиниринг» акционерлік қоғамы еліміздегі ірі кәсіпорындардың бірінен саналады.
Зауытта қорғаныс күштеріне, төтенше жағдайлар, ауыл шаруашылығы және коммуналдық қызметі салаларына қажетті қазіргі заманғы жүк көліктері, жоғары сапалы жол талғамайтын сүйрегіштер құрастырылып шығарылады. Мұндағы мамандар өздерінің кәсіби шеберліктерін ұдайы жетілдіріп отырады.
Слесарь-құрастырушы Рүстем Жұмабаев (суретте) осы кәсіпорында жеті жылдан бері еңбек етіп келеді. Өзін білікті маман ретінде таныта білген Рүстем бұл күнде жүктелген міндетті абыроймен атқарып, кәсіпорын өнімдерінің отандық нарықта сұранысқа ие болуына үлес қосуда.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.