Көкшетауда поли-этилендік құбырларын шығарумен танымал «Тыныс» акционерлік қоғамы еліміздегі ірі кәсіпорындардың бірінен саналады.
Бүгінгі таңда зауытта құрастырылып шығарылған полиэтилен құбырлары, теміржол, коммуналдық, мұнай саласына қажетті қосалқы бөлшектер мен қазіргі заман талабына сай бронжилеттер тапсырыс берушілер тарапынан жақсы бағаланып, сұранысқа ие болуда. Осы орайда, №4 цех су құбырларын жасайтын автоматтандырылған желінің операторы Мейрамбек Задин еңбегін ерекше атап өтуге болады.
Оның мұнда жұмыс істеп жатқанына 11 жылдың жүзі болыпты. Жұмыстың барлық кезеңінде өзін білікті маман ретінде таныта білген іскер жан бұл күнде өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқаруда.
Суретті түсірген
Берік ЕСКЕНОВ.