Биыл облыс бойынша 1 миллион 114 мың тонна, яғни, бір жылдық шөп қорын дайындау жоспарланды.
Бүгінгі күнге дейін 1 миллион 110 мың тонна шөп дайындалып, маяларға салынды.
Бұл – қолда бар мал үшін қажетті бір жылдық жемшөп қорының 99,7 пайызы. Бүгінгі таңда Ерейментау өңірінен өзге барлық аудандар жоспарланған шөп қорын маяларға салды. Шөп науқаны одан әрі жалғасуда. Есіл, Астрахан, Шортанды аудандары жоспарды асыра орындағанын айтып кеткен ләзім.
Жарқайың ауданының пішеншілері өз жоспарын толық орындап шықты. Мәселен, Тасөткел, Үшқарасу, Жаңадала, Нахимов селолық округтері бір жарым жылдық жемшөп қорын жинап алды. Өткен жылы жарқайыңдықтар бір жарым жылға жететін шөп қорын дайындаған еді.
Рамазан БАЯҚҰЛЫ.