Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Дін саласындағы мәселелерді жариялау тәртібі мен тәсілдері туралы - АРҚА АЖАРЫ

Дін саласындағы мәселелерді жариялау тәртібі мен тәсілдері туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясы тұрғысынан зайырлы мемлекет болып табылады. Зайырлылық – бұл әртүрлі этностар мен конфессия өкілдері келісім мен ауызбіршілікте өмір сүре алатын демократиялық, құқықтық мемлекетті құру жолындағы халқымыздың саналы таңдауы. Азаматтардың діни-сенім бостандығын кепілдендіру және оның дінді таңдай алу немесе одан бас тарта алу құқығын қамтамасыз ету біздің зайырлылық моделіміздің бұлжымас негізі ретінде қала береді.

Дін саласындағы ақпараттық жұмыстардың мақсаты қоғамға еліміздегі діни ахуал, әртүрлі бағыттағы деструктивті діни ағымдардың теріс идеялары туралы толыққанды, сапалы және шынайы ақпаратты беру болып табылады. Елдегі татулық пен бірлікті, ынтымақ пен тұрақтылықты жан-жақты насихаттау ең алдымен БАҚ өкілдерінің еншісінде.
Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017–2020 жылдарға арналған тұжырымдамасында «Бұқаралық ақпарат құралдары діни және өзге де көзқарасына қарамастан, елдегі барлық азаматтарға арналған, бұл ретте дін мен мемлекеттік-конфессиялық қатынас мәселелерін бейтарап жария етуді қамтамасыз етеді», – деп атап көрсетілген.
Ақпараттық жұмыстарда мемлекеттің дін саласындағы ұстанымынан туындайтын құндылықтарды насихаттауға баршамыз күш салуымыз керек. Атап айтқанда:
— зайырлы мемлекет қағидаларын;
— бірлік пен келісімді;
— патриотизм, ұлттық дәстүрлер мен мәдениетті;
— экстремизммен күрес мәселелерін ұдайы көтеріп отыру қажет.
Тұрғындардың белгілі бір бөлігінде, оның ішінде әсіресе, жастардың бойында жыл өткен сайын діни құндылықтар белең алып, ұлттық және азаматтық құндылықтардың орны мен рөлі төмендеуде. Осындай келеңсіз үрдісті еңсеру мақсатында БАҚ өкілдерімен бірлесіп ел тұрғындары арасында діни ағымдардың қаупін түсіндіру және олардың бойында теріс діни идеологияларға қарсы иммунитет қалыптастыру бағытында кешенді түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.
Соңғы уақытта дін саласына қатысты мәселелер кез-келгеннің талқылайтын тақырыбына айналып отыр. Дін саласындағы мәселелерге қатысты мұндай еркіндік керісінше пікірлер мен көзқарастардың қайшылығына алып келеді. Сондықтан, БАҚ құралдарын тұрғындардың діндарлығын қоздырмау үшін көлденең сарапшылардан пікір алудан алыс болса екен деген ұсыныс айтқым келеді.
Кезінде Әлихан Бөкейханұлы «Қазақ» газетінде «Халқымыз діннің талаптарын ұлтты сүю, адамның және қоғамның рухани кемелденуі ретінде түсінуі керек» деп айтқан болатын. Бұл пікір дәстүрлі емес исламдық ағымдардың теріс идеяларының таралуы жүріп отырған қазіргі кезеңде аса маңызды.
Қазіргі күнде ғаламтордың, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің кең таралуымен ақпараттар тез тарауда. Бұл жағымды үрдіс. Десек те, кейбір блогерлер қоғамда орын алатын жекелеген мәселелерді бұрып көрсетуде, осы жетістіктерді өз мақсаттарына пайдалануда. Бұл, әсіресе, жекелеген азаматтар мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы тұрғындардың дін мәселесіне қатысты дәйексіз ақпараттарды таратуы түрінде көрініс беруде. Мәселен, бір блогер Рамазан айындағы ораза 30 күн емес, ондай ұғым Құранда жоқ деп айды аспаннан бірақ шығарды. Бұған тиісті деңгейде мамандар тарапынан жауаптар берілді.
БАҚ үшін оқыс оқиғалар барысында тұрғындардың бо-
йында үрей ұялатпау бірінші орында тұруы тиіс. Ақпараттың таратылу көзі (баспа басылым, телевизиялық, интернет ресурстар) тұрғысынан қарасақ, интернет ресурстардың дін тақырыбындағы ақпараттарды таратудағы белсенділігін байқаймыз. Материалдардың басым көпшілігі тек ақпараттық сипатта.
БАҚ-тың ақпараттық қызметінен бөлек ағартушылық қызметі де барын ескерсек, осы тұрғыда халық санасында дәстүрлі діндердің қадір-қасиетін дәріптеп, ұрпақ санасына сіңдірудің қамын ойлаған дұрыс болар еді.
Халық арасындағы діни сауаттылық деңгейін көтеруден бұрын, діни білімі төмен оқырманның ойын шатастырмауымыз керек. Осы тұрғыда мына жайларға назар аударылған жөн болар еді:
— журналистер қауымы ең алдымен ақпарат жариялауда ұрандатушылықты емес, ақпараттың дәлдігіне көңіл қойса;
— берілетін ақпараттың көпшілік қауымға түсінікті әрі жеңіл болуын, үрей туындатпауын қадағаласа;
— ақпараттарды қолданған діни ұғымдардың дұрыстығына жете мән беріп отырса;
— жоғарыда айтып өтілген ақпараттардың тұщымды әрі нақты ақпараттар беруде белсендігін күшейтсе;
— әрбір белді басылымда, әсіресе, жергілікті ақпарат құралдарында (мейлі ол газет не портал болсын) дін тақырыбын қаузайтын тұрақты айдар ашылса;
— БАҚ пен діни бірлестіктер және осы саладағы мүдделі мемлекеттік органдар арасында тығыз байланыс орнатылса деген ұсыныс бар.
Кез-келген журналист өзінің қоғам алдындағы борышын сезінуі керек және жұртшылықты тартатын өткір материал табамын деген ниетпен айғай-шу, байбалам, қорқыныш сезімін тудырмауы қажет, себебі экстремистердің көксегені де осы.
Бұқаралық ақпарат құралдары ұсынылып отырған тәсілдерді басшылыққа ала отырып, мемлекетке керек ақпараттық өнім жасауға және ұлттық ақпарат кеңістігіндегі зорлық-зомбылыққа негізделген экстремизм идеологиясының шабуы-
лына қарсы тұратын тосқауыл қоюға септігімізді тигізсек, бұл ең үлкен жетістік болар еді. Осы орайда мынаны естен шығармасақ: терроризмге қарсы іс-қимылмен айналысатын барлық ақпарат құралдары мен журналистер қауымдастығының ең маңызды міндеті – дұрыс діни сана қалыптастыру.
Тұрар ӘБУОВ,
«KAZISLAM» ақпараттық-ағартушылық порталының редакторы, дінтану магистрі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар