Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ел есіндегі Ботагөз - АРҚА АЖАРЫ

Ел есіндегі Ботагөз

Көкшетау қаласында 2001 жылы 28 маусымда қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапқан полиция подполковнигі Ботагөз Бижанованың құрметіне ескерткіш тақта орнатылды. Ақмола облыстық госпиталінде орнатылған бұл тақтаның ашылу рәсіміне полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы, құқық қорғау органдарының ардагерлері, марқұмның туыстары және жақын таныстары қатысты.

Ескерткіш тақтаны Ішкі істер органдары және Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің төрағасы Өмірзақ Болсамбеков және Ботагөз Бижанованың қызы Динара ашты.
– Анамды ұмытпай, еске алып, қызмет атқарған жерінде ескерткіш тақта орнатылып жатқаны менің көңіліме зор демеу. Бүгін мен үшін атаулы күн, яғни, анамның туған күні. Ескерткіш тақтаның дәл бүгін ашылуының да бір себебі осында. Әрбір қызметкер үйіне күнделікті жұмысынан аман-есен оралса екен деймін – дей келе, Динара Ералықызы анасын есіне алып, аруағына құрмет көрсеткен құқық қорғау органдарына шынайы алғысын білдірді.
Ботагөз Бижанова 1961 жылы шілденің 18 күні Целиноград облысының Есіл ауданында дүниеге келген. 1978 жылы Арқалық қаласындағы №4 орта мектебін тәмамдап, 1978-1985 жылдар аралығында Қарғанды медициналық институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша аяқтайды. Еңбек жолын қалалық емханада учаскелік дәрігер болып бастаған. Кейін Ішкі істер департаментінде әртүрлі лауазымда қызмет атқарады. Сол кезеңде Ботагөз Бижанова медициналық қызмет көрсету сапасының өсуіне басшы ретінде елеулі ықпал етіп, пайдасын тигізген. Өкінішке қарай, 2001 жылы 28 маусымда өз үйінің кіре берісінде қастандық жасалып, қаза табады. Артынша күдікті ұсталып, тұтқындалады.
Бүгінде Ботагөз Бижанованың есімі ұмытылмақ емес. Соның бір айғағы оның құрметіне орнатылған ескерткіш тақта.

Айтолқын АМАНГЕЛДІ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар