Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Валентин Щербаковтың жұлдызды жолдары - АРҚА АЖАРЫ

Валентин Щербаковтың жұлдызды жолдары

Жүз жолдың бірі сенікі деп текке айтпаса керек. Валентин Петрович таңдаған жол ол үшін бақытты әрі қымбатты жол болды. Ол Қазақстанның кең байтақ даласында ерен еңбегімен танылып, Отаны жоғары бағасын берді. 1976 жылы Валентин Щербаков тың алқаптарынан 8200 тонна астықты элеваторға тасымалдады. 3,5 жылдың ішінде өзінің бес жылдық жоспарын орындады. Ерен еңбегі үшін Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин орденімен марапатталды. Оныншы шақырылған КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланды.

Валентин Щербаков Қазақстанның құрметті азаматтарының арасында лайықты орын алады. Еңбек Ері отандастарының құрметіне бөленді. Өмір – өзен. Есіл даласында астық жинау бүгінгі таңда да жауапты науқан. Өз ісінің шеберлерін ешкім ұмытқан жоқ. Тың ардагерлерін алғашқы соқа салушылар деп құрметпен атайды. Олардың тағдыры ең ауыр жылдармен тұспа-тұс келіп, есімдері Қазақстан тарихына алтын әріппен жазылды. Тың және тыңайған жерлерді игеру жылдары республика қамбасына құйылатын алғашқы астық салтанатты түрде тасымалданды. Республиканың ең атақты жүргізушілері жаңа орақтың астығын элеваторларға бірінші болып әкелетін. Валентин Щербаков пен Сергей Балян ең ауыр жүз тонналық автопоездарды жүргізудің «пионерлері» болды. Автокөлік жолдарында олардың соңынан жүздеген ерушілері болды. Орақ науқанында элеваторларға күндіз-түні автопоездар ағылатын. 60 жылдары ауыр жүкті автопоездар жүргізушілерінің қозғалысы пайда болды. Астық тиелген көп тіркемесі бар ауқымды автопоезды жүргізу үшін өз ісінің шеберлігінің үстіне мықты денсаулық пен шыдамдылық қажет еді. Валентин Щербаков Тың өлкесіне әскерден кейін комсомолдық жолдамамен Пермьнен келді. Жоғары класты жүргізуші жұмыс қолы қажет жерлерде ерінбей еңбек етті. Батпайтын қуатты «МАЗ-501» автокөлігінде жұмыс істей жүріп, алғашында астық тиейтін үш автотіркемемен жүрді. Кейін тіркеменің саны өсті.
Барлық тәуекелділікті есепке алып, сынақ жасамақшы болады. Сөйтіп, автопоездбен тасымалданатын жүкті 80 тоннаға дейін жеткізеді. Қуатты жүк көлігі қорабын кеңейту күткен нәтижеге игі ықпал етті. Жылдың кез-келген уақытында Щербаков тапсырылған бағыттағы жолда болды. Солтүстіктің ауыспалы ауа райы ол үшін кедергі болмады. Ол дала жолдарын жақсы білді. Бірнеше тонна халық шаруашылығы жүгін Есіл даласының ең шалғай елді мекендеріне тасымалдады. Елімізге қазақстандық миллиард берген жылдары орақ науқанына қатысушылар беріле жұмыс істеді. Орақ науқанының бірінде жүргізуші «Қорғалжын» кеңшарына күн сайын бағалы жүк тасымалдады. Көп жүк тасымалдаушылар жарысының рекордтық көрсеткіші сол жылдары көптеген тонна-шақырыммен есептелетін. Щербаков пен Балян сияқты жүргізушілердің есімдерін бүкіл ел таныды. Бұқаралық ақпарат құралдары жарыс барысын көрсетті. Бұл – жүргізушілердің еңбек рекордын қазақстандықтардың бақылауына мүмкіндік берді. Ауыр жүк тасымалдайтын жүргізушілердің даңқы әсіресе, астық мол шыққан жылдары ең биік шыңына жететін. Щербаков пен Балян өз әріптестерінің алдында болды. Олар бір-бірімен «Волга» автокөлігін алғанда танысты. 70 жылдардың ортасында атақты жүргізушілер Украинадағы Кременчуг автозауытына шақыру бойынша барды. Естелік кездесу кезінде бәсекелес достарға «КрАЗ» автокөліктері сыйланды. Келесі сапарлар да олардың есінде қалды. Нәтижесінде ұзақ іскерлік серіктестік пайда болды. Щербаков өзінің еңбексүйгіштігімен, жұмысқа қабілеттілігімен және істегі жаңашылдығымен құрмет пен сыйлыққа ие болды. Ол жаңа орақтың астығын тасымалдаудың жыл сайынғы социалистік жарысында жеңімпаз атанатын. Қажырлы еңбегінің жетістігі көптеген мемлекеттік наградалармен аталып өтілді. Еңбек Ері, көптеген айтулы шаралардың құрметті қатысушысы Н.Ә.Назарбаевпен, Д.А.Қонаев, Л.И.Брежнев, М.С.Горбачев, Н.И.Рыжков, А.И.Бараев, М.К.Сүлеменовпен және өзгелермен кездесті.
1975 жылы кәсіби мереке – Автомобилист күні бекітілді. Мәскеуге еліміздің атақты жүргізушілері шақырылды. Қазақстан атынан Валентин Щербаков пен көкшетаулық ауыр жүкті автопоезд жүргізушісі, Социалистік Еңбек Ері Жамшит Қожантаев барды. Валентин Петрович 1939 жылы Ресейдің Пермь облысында туған. Жүргізушілер курсын аяқтаған соң әскер қатарына шақырылды. 1955-1959 жылдары шекарашы болып қызмет атқарды. Әскерден кейін Пермь өлкесінде ағаш дайындады. 1961 жылы тың және тыңайған жерлерді игеруге Қазақстанға келді. Целиноград жүк автокөлік басқармасының 2525 автоколоннасында жүргізуші болып еңбек етіп, халық шаруашылығы жүктерін тасымалдады. Күзде орақ жұмысына қатысты. Сол кезде бұл науқан «Тың наны үшін күрес» деп аталатын. Шын мәнінде бұл сөз артық айтылмаған еді. Осы жылдары еліміздің мақтанышына айналған тыңның мол астығын аз уақыттың ішінде тез әрі шығынсыз жинап алу қажет болатын. Валентин Петрович қаладан далаға баруды шешті. Мұнда оған барлығы қымбат еді. Табиғатты, жер мен жолды сүйді. Отбасының да бірлігі жарасқан. Жыл бойы саяжайда тұрып, көкөніс пен картоп өсірумен айналысады. Еңбек десе ішер асын жерге қоятын ардагер қазір де өзінің сүйікті ісін тауып алды. Ең қымбат естелік болып табылатын автокөліктерін көзінің қарашығындай сақтайды. Бұл еңбек адамының өткен ғасырда атақ пен даңққа жеткізген бақытты өмірінің естелігі. Валентин Щербаков осында келген жас кезін есіне алды. Осында есейіп, шеберліктің шыңына жетті. Еңбегімен еліміздің атын шығарды. Өзінің бақытты тағдырын Қазақстанмен мәңгілікке байланыстырды.
Раиса АҒЫБАЕВА,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар