Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жас ғалымдар үшінші жыл Бурабайда жиналды - АРҚА АЖАРЫ

Жас ғалымдар үшінші жыл Бурабайда жиналды

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының ұйымдастыруымен Бурабай курортты аймағында III халықаралық «Burabay Forum: Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығы» жас ғалымдар халықаралық форумы өтуде.

6 тамызда Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев орталығында ашылған форум жұмысына еліміздің, сонымен қатар, Армения, Беларусь, Венгрия, Қытай, Қырғызстан, Литва, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан, Украина және Францияның жас ғалымдары қатысып, инновациялық технологиялар, ғылымның дамуы, жас ғалымдарға жобаларын іске асыруға қалай көмектесуге болатыны жөнінде пікір алмасуда. Осы орайда Алматы қаласынан келген жас ғалым Нұрлан Оспановты әңгімеге тартқан едік. – Осындай форумдар жас ғалымдарға пікір алмасуға зор мүмкіндік береді. Тек, Қазақстанның ғана емес, шет елдердің де зерттеуші ғалымдарымен ой бөлісіп, ғылым саласындағы түйткілді мәселелерді, тың тақырыптарды талқылап жатырмыз. Ғылыммен айналысып жатқаныма сегіз жыл болды. Қазіргі таңда Ұлы Дала Елі мен Шығыс елдері арасындағы ертедегі байланыстарды зерттеп жатырмын. Осы мақсатта Оңтүстік Корея мемлекетіне барып, корей тіліндегі біраз құнды деректерді өз зерттеу жұмысыма пайдаландым, – деді алматылық жас ғалым. Ал, Армения мемлекетінен форумға арнайы келген жас ғалым Геворг Варданян шараны ұйымдастырған Елбасы Қорына зор ризашылығын жеткізді.
Елордада басталып, енді облысымыздың Бурабай ауданында жалғасып жатқан халықаралық іс-шарада ғылымның әртүрлі бағыттары бойынша секциялық отырыстар және дискуссиялық алаңдар ұйымдастырылуда.
Шара модераторы – Қазақстан Республика-сының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов журналистерге берген сұхбатында бұл ауқымды жоба іске асырылғаннан бастап үш жылдың ішінде Қазақстанның және жақын шетелдегі оқу орындарының арасындағы іскерлік қарым-қатынас кеңейгенін атап өтті. Іс-шараның аясында орныққан жас ғалымдардың әріптестігі бірлескен ғылыми-зерттеулер жүргізуге ықпал етеді.
Форум жұмысы «Жаңа функционалдық материалдар және технологиялар», «Қазақстан Еуразияның әлеуметтік-саяси және тарихи-мәдени кеңістігінде», «Маркетинг пен логистикадағы Digital-технологиялар:
«XXI ғасырдағы агроөнеркәсіп кешені: ғылым және инновациялар», «Жүйелік медицина – медицинаның, денсаулық сақтаудың және әлеуметтік қамтамасыз етудің мультипликативтік дамуы» секцияларына бөлінген.
Сондай-ақ, пленарлық отырыс, дөңгелек үстелдер, тренинг-әңгімелесу, форсайт-алаңдар, нетворкинг-сессиялар, «Менің табыс тарихым» уәждемелік кездесулер, интерактивтік семинарлар, ғылым және білімнің әртүрлі бағыттарының базалық трендтерін насихаттау бойынша тренингтер өтеді.
Форумның жұмысына Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қайрат Мәми, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, Әділет министрі Марат Бекетаев, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанова қатысады деп күтілуде.
Форум жұмысы 9 тамызда аяқталып, резолюция қабылданады.
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар