Кез келген елді мекеннің дамуы бас жоспарға байланысты екендігі белгілі. Осы орайда, облыстың 617 елді мекенінің 482-сі бас жоспармен қамтамасыз етілген.
Сондай-ақ, облыстық маңызы бар қала, 17 аудан орталығы, оның ішінде аудандық маңызы бар 8 шағын қала жаңа жоспармен толық қамтылған. Жалпы, облыс бойынша Көкшетау қаласы мен Қорғалжын ауданының бас жоспармен 100 пайыз қамтамасыз етілуіне қолжеткізілді. 2020 жылға дейін облыстың елді мекендерін жаңа бас жоспармен қамтамасыз ету бойынша Жол картасын жасау кезінде бірінші кезекте Нұр-Сұлтан қаласының іргесіндегі жедел дамып келе жатқан елді мекендерге, Щучинск-Бурабай курортты аймағына, сондай-ақ, Көкшетау мен Степногорск қалаларына назар аударылады.
Нұр-Сұлтан қаласының іргесінде орналасқан 80 елді мекеннің 65-інде бас жос-пар бар. 2018 жылы Целиноград ауданының Новоишимка, Семеновка, Родина, Приречной, Жалғызқұдық, Красноярка, Тасты, Оразақ, Отаутүскен ауылдары және Аршалы ауданының Анар ауылы тәрізді қала іргесіндегі елді мекендерді салу және даму сұлбасы бекітілді. Жібек жолы кентінің жобасымен бас жоспары, Аршалы ауданының Қостомар, Ижевск, Шөптікөл және Шортанды ауданының Бозайғыр, Төңкеріс, Новографск, Бектау мен Раевка селоларының даму және құрылысы сұлбасы жасалды. Целиноград ауданы бойынша Ақмол, Қосшы және Ы. Алтынсарин селолары аумағындағы бір бөлігінің жобасы жасалды.
Биылғы жылы Аршалы ауданының Бұлақсай, Сарыоба және Сарыоба станциясын, Целиноград ауданының Жайнақ станциясының дамуы мен құрылысының сұлбасын жасауға облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. Өткен жылы басқарма Қоянды, Қараөткел мен Талапкер ауылдары бас жоспарының кешенді қала құрылысы жобасының сараптамасын өткізді. Биыл Целиноград ауданындағы Қажымұқан ауылы бас жоспарының жобалық сараптамасы жүргізілді.
Бурабай ауданындағы 52 елді мекеннің 47-сі бас жоспармен қамтамасыз етілген. Өткен жылы Қызылағаш пен Қымызнай ауылдарының дамуы мен құрылысының сұлбасы жасалып бекітілді. Сондай-ақ, Бурабай кентінің, Щучинск қаласындағы Светлый шағын ауданының, осы аудандағы Текекөлдің айналасындағы 233 гектар алқаптың жобасы жасалды. Биылғы жылы Щучинск қаласы аумағы бөлігінің жобасы және Златополье селосының дамуы мен құрылысы сұлбасының жобасы жасалуда. Көкшетау қаласының бекітілген бас жобасына сәйкес, 2011-2018 жылдары 104 жоба жасалып бекітлді. Биылғы жылы жоспарланған жаңа құрылыс нысандарын салуға байланысты Краснояр селосы мен қала аумағы бір бөлігінің жобалары біріктіріліп, бас жоспар қайтадан жасалуда.
Ақмола облысы бойынша 18 жылдың ішінде Бестөбе кентінің бас жоспары, Степногорск қаласындағы «Солнечный» шағын ауданының жобасы, Есіл ауданының Ақсай мен Заречный, Жарқайың ауданының Уәлиханов, Достық, Зеренді ауданының Еленовка, Ерейментау ауданының Новомарковка, Егіндікөл ауданының Бауманск селоларының даму және құрылыс сұлбасы жасалып, бекітілді. Биылғы жылы облыстағы 17 елді мекеннің қала құрылысы жобасы жасалуда. Өткен жылы шағын және орта бизнестің 336 нысаны, биылғы жылы 150 нысан пайдалануға берілді. Басқарма «SMART AQMOLA» бірге Ақмола облысының Геоақпараттық порталының «Тұрғын үй қоры» бөлімін құру бойынша жұмыс жүргізді. Бағдарламаны «SMART-EX» серіктестігі жасаған. Нәтижесінде облыстағы барлық елді мекендердің электрондық картасы алынды. Бірінші кезекте олар ұлттық санақты өткізу үшін пайдаланылады. Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдардың алдына электрондық үй кітабына көшуге байланысты нақты міндет қойылды. Мониторинг нәтижесінде облыс аумағында тіркелген 150 мыңнан астам азаматтың мекенжайы ИС АР мекенжайын тіркейтін кодта болмай шықты. Тиісті органдар бірлесіп бұл олқылық түзетілді. Сәулет пен қала құрылысы саласында атқарылып жатқан жұмыстар тұрғындардың тұрмыс-жағдайына оң септігін тигізетіні анық.
Владимир ФЕЛБЕЛТ,
Ақмола облыстық сәулет және қала
құрылысы басқармасының басшысы.