Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кезекті отырысы Көкшетау қаласының 195 жылдығы мен Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналды.
Салтанатты шараны Ақмола Ассамблеясының хатшысы, модератор Мәрзият Тохаева кіріспе сөзбен ашып, жүргізіп отырды. Іс-шара барысында қолөнер шеберлерінің бұйымдары таныстырылып, Хакім Абайдың 175 жылдығына орай, Көкшетау қалалық №17 орта мектебінің «Мәншүк» қыздар клубының мүшелері Абай өлеңдерін жатқа оқып, Аналар кеңсесінің төрайымы Зере Еспайқызынан арнайы сый-сияпат алды.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылдың 30 мамырында данышпан Абайдың 175 жылдығын республика көлемінде атап өту туралы Жарлыққа қол қойғаны белгілі. Осыған орай, кішкентай 9 жасар бүлдіршін қыз Ләйлім Шырақ Ұлы Абай өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын Президентке жолдап, бұл бастаманы Тоқаев та зор қуанышпен қабылдап, «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін оқып, одан әрі жалғастыруды тапсырған болатын.
Міне, осы игі бастама Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының Аналар кеңесінен қолдау тауып, «Шаңырақ» әлеуметтік-психологиялық орталығының төрағасы Мейрамбек Зәкіровке табыс етілді. Сондай-ақ, шараға Бисара Мәкенова өз шәкіртімен келіп, күмбірлеген домбырасымен Абай әндерін шарықтата шырқады. Осылайша, Абай мұрасы біздің қасиетті де қастерлі қазынамыз екені тағы бір ұлықталды.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.
Суретте: шарадан көрініс.