Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Орман өртін болдырмаудың басты жолы – сақтық шаралары - АРҚА АЖАРЫ

Орман өртін болдырмаудың басты жолы – сақтық шаралары

Облыста өрт қауіпі мол жазғы маусым басталғаннан бері 55 гектар алқапта 30 орман өрті, 207 гектар алқапта құрғақ шөп жануының 59 оқиғасы тіркелді. Өрт қауіпсіздігі нормасы мен талаптарын бұзған 46 адам жауапқа тартылды. Біржан сал ауданының ормандарында 8 рет өрт орын алып, сөндірілді. Бурабай ауданында да 5 өрт оқиғасы болды. Өңірлік коммуникациялар қызметі Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментімен бірге өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша Зеренді мен Сандықтау аудандарына баспасөз турын ұйымдастырды.

Алдымен, бұл департаментке қарасты басқарманың бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Денис Шелкоплясов «Көкшетау-Зеренді» автокөлік жолы бойындағы шабылмаған шөпке назар аударып, бұл маңда сөндірілмеген темекі тұқылының салдарынан өрт қаупі жиі
туындайтынын айтып берді. Ереже бойынша шөп жыртылған төрт метрлік жолаққа дейін шабылуы тиіс екен. Жол бойындағы ағаштарды өрттен қорғау жұмысымен Зеренді селосында орналасқан «ДЭУ-73» участогы айналысады. Участок басшысы Талғат Молдахметовтың айтуынша, жол жиегіндегі төрт метрлік жолақ жер жаз айларында бірнеше рет жыртылатын көрінеді. Ал, шөп сарғайған кезде шабылады екен. Сондай-ақ, басқарма бастығы «Зеренді астық» серіктестігінің егістік алқаптарын аралап көріп, өрттің алдын алу шараларын жүргізу қажеттігін ескертті. Биылғы жылы бұл ауданда өрт қауіпсіздігі ережесін өрескел бұзған 8 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлегенін айтып өтті.
Серіктестіктің бас агрономы Аманжол Жанғожин өз сөзінде өрттің алдын алу шаралары астық піскенде де жүргізілетінін, егіс алқаптарының жиегі жыртылатынын, маңындағы шөп шабылатынын тіліне тиек етті.
–200 гектар егіс алқабын 50 гектар жер учаскелеріне бөлеміз. Ораққа қатысатын техникаларды өртке қарсы арнайы құралдармен жабдықтаймыз. Механизаторларға өрттің алдын алу жөнінде айтып, өрт сөндіру әдістерін үйретеміз. Орақ науқаны кезінде серіктестіктің өрт сөндіретін автокөлігі егіс алқабы басында тұрады,–деді бас агроном. Өрт қаупі бар маусымда дала немесе егіс алқабы өртенсе, орманды өрт алуы әбден мүмкін. Ол жөнінде Табиғат кешенін күзету және қорғау мекемесіндегі Зеренді филиалының бас инженері Қайсар Қожағұлов айтып берді.
–Зеренді филиалы орманды алқаптың айналасына ені төрт метр жолақ жыртуды әсте ұмытпайды. Мұндай жолақты егіс алқабының айналасына да жырту жөнінде ауыл шаруашылығы құрылымдарымен келісім-шарт жасалған. Орман іші кепкен немесе шіріген ағаштан, әйнек пен қоқыстан тазартылады. Орман шаруашылықтарында өртті қадағалайтын тікұшақтар тобы мен мемлекеттік инспекторлар жұмыс істейді. Өрт сөндіретін арнайы техникалар мен жабдықтар жеткілікті. Мұнараларда кезекшілік ұйымдастырылған. Байланыс радиостанция және ұялы телефон арқылы жүргізіледі. Тілсіз жаудың алдын алу жөнінде аудандық газетте бірқатар мақалалар жарық көрді. Өрт қауіпсіздігі ережесін бұзған адамдар жауапкершілікке тартылып, жүз айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. Орманға кірген автокөліктің нөмірі, иесінің аты-
жөні жазылады,–деді бас инженер.
Басқарма бастығы Денис Шелкоплясов бастаған қызметкерлер Сандықтау ауданында болып, автокөлік жолы бойындағы, егіс және орман алқаптарында жүргізілетін өртке қарсы шаралармен танысты.
–Шөп шабуды аяқтадық. Орақ жұмысына дайындық жүргізілуде. «Новоникольск» серіктестігінің 12 мың гектар егіс алқабы бар. Өрт қауіпі бар науқанның алдында бұл алқаптардың айналасы мен ортасының бірнеше бөлігі жыртылады. Әсіресе, қалың ағаш пен егіс алқабының арасындағы қауіпсіздік шарасына ерекше назар аударамыз. Өртке қарсы екі К-700 жабдықталған,–деді «Новоникольск» серіктестігі директорының орынбасары Валерий Семенехин бізбен әңгімесінде.
Бүгінгі таңда төтенше жағдайлар департаменті орақ науқаны кезеңіндегі өрттің алдын алуға басты назар аударып отыр. Баспасөз туры барысында бұл бағыттағы жұмыстар уақытында атқарылмай отырғанын аңғардық. Дегенмен, бұл келеңсіздіктер департаменттің бақылауында тұр. Олар облыстық ауыл шаруашылығы басқармасымен және облыстық полиция департаментімен бірге рейдтер ұйымдастыруда.

Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар