Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Білім жүйесінде жемқорлық қаупі жоғары күйінде қалып отыр - АРҚА АЖАРЫ

Білім жүйесінде жемқорлық қаупі жоғары күйінде қалып отыр

«Ақмола – адалдық алаңы» жобасы аясында облыстық білім басқармасы білім жүйесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерін талқылау, лауазымды тұлғалардың жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауға деген жауапкершіліктерін арттыру мақсатында кездесу ұйымдастырды.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің өкілдері мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері қатысқан шараны облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов ашып, жүргізіп отырды.
Кездесуде Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші  орынбасары Арман Бердалин бүгінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу өзекті мәселе болып отырғанын, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді дамытудың он бағытының бірі ретінде жемқорлықты жою мәселесін көтергендігін атап өтті.
–Қазіргі таңда біздің агенттіктің негізгі мақсаты жемқорларды іздеп жүріп, қолдарына кісен салу емес, қылмыстың бұл түрін болдырмау, алдын алу болып табылады. Өкінішке орай, респуб-лика бойынша статистиканы айтатын болсақ, әкімдіктерден бөлек, сыбайлас жемқорлық құрылыс, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, содан кейін білім, денсаулық сақтау салаларында белең алған екен. Агенттіктің бастамасымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тәрбие беру ісін үйлестіретін бағдарламалық құжаттары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыттарымен толықты. Бүгінде жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Кейбіреулер бесіктен белі шықпаған балаларға жемқорлық туралы айтудың қажеті қанша деп ойлайды. Оқушы кезінде парталасының қаламын қалтасына салып алған бала ертең қазынаның қаржысына да қол салатын болады. Сондықтан, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды тал бесіктен бастауымыз қажет, – дей келе, департамент басшысының бірінші орынбасары Арман Бердалин бүгінгі таңда мектеп, колледждерде құрылған «Адал ұрпақ» клубтарының көбісі тек формальды түрде ғана жұмыс істейтінін атап өтті. Сонымен қатар, университеттердегі «Саналы ұрпақ» клубтарының жұмысы туралы да осыны айтты.
Департамент сауалнама жүргізген кезде көп жастар өздері оқитын орындарда мұндай клубтардың барын мүлде білмеген болып шыққан. Биылғы жылы облыс мектептерінде 256, университеттер мен колледждерде 13 адалдық дүкендері ашылғанымен, олардың көбісі жұмыстарын әрі қарай жалғастырмаған. Аталған жайттарды ескере отырып, кездесуге келген білім беру ұйымдарының өкілдеріне мәселені назарға алу, сондай-ақ, осы айдың соңына дейін «адалдық мектептерін» ашу мәселесі тапсырылды.
Бұл кемшіліктер облыстық білім басқармасы тарапынан жіті бақылаудың жоқтығын көрсететіні кездесуде атап өтілді. Соңғы жылдары еліміздегі білім сапасының деңгейі төмендеп кеткені де айтылмай қалмады. Қазақстанда білім саласы жемқорлық қаупі басым салалардың үштігіне еніп отырғаны алаңдатарлық жай. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Ақмола облысы бойынша басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, өткен жылы білім саласының бес бірдей қызметкері сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Ақмола облысы бойынша білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Серік Алтаев жиында мектептердің ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде жоғары балл, рейтинг қуалайтынын, сапалы білім беру мәселесі мүлде жайымен қалатынын қатты сынға алды. Биылдың өзінде еліміз бойынша «Алтын белгіге» үміткер түлектердің отыз пайызының ҰБТ-да өз білімдерін көрсете алмағаны білім сапасының төмен екендігін аңғартады.
Серік Алтаевтың айтуынша, елімізде мектеп басшылығының ұстаздарды біліктілік санаттарын қорғау үшін аттестаттауға жібермеген фактілер орын алған. Кездесуде мектептердің сайттарында штаттық кесте мен тариф жүйесін жариялап отыру жайлы ұсыныс қолдау тапты. Жиында облыстық білім басқармасы мамандарының, колледж қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан шаралары жайлы баяндамалары тыңдалып, ұсыныстар айтылды.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген
Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар