Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Учаскелік инспекторға қолдау көрсетілді - АРҚА АЖАРЫ

Учаскелік инспекторға қолдау көрсетілді

Викторовка селосының көшелеріне полицияның тірек пунктімен қосылған бейнекамералар орнатылды.

Камералар бұл елді мекеннің адамдар көп жиналатын учаскелерінде болатын оқиғаларды учаскелік инспектордың тәулік бойы бақылауына және қоғамдық тәртіптің бұзылуына уақытында қарсы тұруға мүмкіндік береді. Бұл игілікті іске қолдау көрсеткен «Викторовка» серіктестігінің директоры Владимир Андрюхин учаскелік полиция инспекторы, аға лейтенант Бақтияр Қайырбековке тұрмысқа қолайлы тұрғын үйдің кілтін табыс етті. Бүгінгі таңда учаскелік инспектордың бақылауына 2800 адам тұратын Викторовка мен Айдабол селолық округтері кіреді. Полицияның аға лейтенаты өзінің қызметі мен тұрмысына қолдау көрсеткен серіктестік басшысына алғысын білдірді.
Жергілікті жерде учаскелік полиция инспекторының беделін көтеру Ішкі істер министрі мен облыстық полиция департаменті басшысының негізгі талаптарының бірі. Ведомство бастығы, генерал-майор Берік Біләловтың тапсырмасы бойынша қызмет көрсететін аумақты тұрақты бақылауды қамтамасыз ету үшін учаскелік полиция инспекторы қызмет көрсететін елді мекенде тұрақты тұрулары тиіс. Сондай-ақ, аудан орталықтары мен ауылдық округтерде бейнебақылау жүйесі белсенді түрде енгізіліп, полицияның тірек пункттері жаңғыртылуда. Бұл бағытта ведомствоға жергілікті атқарушы органдар мен ауыл шаруашылығы құрылымдары қолұшын созып отыр. Бұны Владимир Андрюхиннің игілікті ісі айғақтай түседі.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар