Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ардагерлер ұйымдарының белсенділігі артып келеді - АРҚА АЖАРЫ

Ардагерлер ұйымдарының белсенділігі артып келеді

Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесі өткізген семинар мен пленумда бастауыш ардагерлер ұйымдары төрағаларының алдында тұрған міндеттер талқыланды.

Алқа мүшелері, қалалық ардагерлер кеңесінің активі, тұрақты комиссиялар мен бастауыш ардагерлер ұйымдарының төрағалары қатысқан семинар-кеңесті ашып жүргізген Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиев «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Көкшетау қалалық филиалы жұмысының жоспары жөнінде айтты.
–Біздің негізгі міндетіміз – «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің 7 съезінде бекітілген шешімін жүзеге асыру. Атап айтқанда, бүгінгі таңда ең маңыздысы егде адамдарды әлеуметтік қорғау барысында бастауыш ардагерлер кеңесінің рөлін арттыру, жастарға патриоттық және рухани тәрбие беру, аға ұрпақтың белсенділігін арттыру болып отыр. Бастауыш ардагерлер ұйымдарында өткен есеп беру-сайлау жиналыстарына орай, «Қазіргі заман жағдайында актив жұмысының түрлері мен әдісін оқыту» арнайы бағдарламасы бойынша осы семинарды өткізіп отырмыз. Сондай-ақ, № 21 және № 5 орта мектептердің әкімшілігі осындағы бастауыш ардагерлер ұйымдарымен бірлесіп, патриоттық және рухани тұрғыдағы жұмысты қолға алды,–деді Шияп Әлиев.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасындағы ардагерлер ұйымының төрағасы Алтай Нұрғасымов өздерінің әкімшілікпен және кәсіподақ комитетімен бірлесіп, ардагерлердің әлеуметтік мәселесін шешу жұмысы жөнінде айтып берсе, жоғары техникалық мектептегі ардагерлер ұйымының төрайымы Халима Қожабаева өздерінің жастарға патриоттық және рухани тәрбие беру жұмысы туралы баяндады. Краснояр селолық округінің ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Вера Попова өз ұйымдарында жүргізілетін іс-қағаздардың үлгісін көрсетті. Көкшетау қалалық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қали Ахметов өз сөзінде егде адамның құқы мен мүддесін әлеуметтік жағынан қорғайтын мемлекеттік бағдарлама туралы айтты. Қалалық ардагерлер кеңесінің алқа мүшесі, «Ақбұлақ-Родник» клубының жетекшісі Валентина Соломина зейнеткерлердің мәдени демалысын ұйымдастырылуының жөнінде айтып берді. Семинар-кеңес жұмысын қорытындылаған Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиев егде адамдардың белсенділігін арттыруға бағытталған ардагерлер клубының жұмысын жақсартуды тапсырды. Кеңес денсаулық сақтау және тұрғындарды әлеуметтік қорғау мекемелерімен бірге егде адамдардың денсаулығын, әлеуметтік дәріхана мен пансионаттар жұмысын, бөлек санаттағы азаматтарға жеңілдікпен дәрі-дәрмек берілуін тұрақты түрде қадағалайтын болды. Сондай-ақ, ардагерлер шипажай мен курорт жолдамаларымен қамтамасыз етілмекші. Әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен дәрі-дәрмек бағасының сақталуына және коммуналдық қызмет тарифі саясатының құрылуына қоғамдық бақылау мен рейдтер жиі жүргізілетін болды. Кәсіпорын басшыларымен зейнеткерлердің материалдық-тұрмыстық жағдайын жақсарту бойынша байланыс ұлғайтылады. Қалалық бөлімдердің басшылары мен қалалық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесі жанындағы ұйымдар зейнеткерлерді жеке мәселесі бойынша қабылдайтын болды.
Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайыловтың қатысуымен өткен қалалық кеңестің пленумында «Рухани жаңғыру» мақаласы мен жастар жылына арналған міндеттер талқыланды. Бұл мәселе бойынша қалалық кеңес төрағасы Шияп Әлиев баяндама жасады. Пленумда ұйымдық мәселе қаралды. Валентина Соломина қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары міндетінен босатылып, бұл қызметке мемлекеттік органдарда ұзақ жыл лауазымды қызмет атқарған Ботагөз Едігеқызы Қошқарбаева сайланды. Ұзақ жылғы жемісті қызметі үшін В.Соломина «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. Жоғары бұл награданы облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл тапсырды.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар