Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ажалға араша түскен азамат - АРҚА АЖАРЫ

Ажалға араша түскен азамат

Бейбіт күннің батырлары туралы қанша айтсаң да артық емес. Таяуда Шортанды ауданының тұрғыны Денис Сытник суға батып бара жатқан бір бозбаланы ажалдан арашалап қалды.

Оқиға Мықтыкөл көлінде орын алған. Өз басын қатерге тігіп, тілсіз жаумен арпалысқан азаматтың ерлігі елеусіз қалған жоқ. Ақмола облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент басшысының Алғыс хатымен марапатталды.
Облыста ұзын-ырғасы 750-ге жуық өзен-көлдер мен су қоймалары бар. Олардың басым бөлігінде шомылуға тыйым салынған. Мықтыкөл де осындай тыйым салынған көлдердің қатарында. Дегенмен, қара қарғаның миы қайнайтын ыстықта көлге шомылушылардың қатары аз емес. Денис Сытник суға батып бара жатқан бозбаланы байқап қалған. Көп ойланбастан батып бара жатқан азаматты құтқарып, алғашқы көмек көрсеткен. Қазіргі уақытта ажалдан аман қалған Еламан Болтабектің жағдайы жақсы.
–Күн ыстық болған соң суға түсуге барып едім. Жағалаудағы адамдардың жанұшыра айғайлап тұрғанын естідім. Қарасам біреу суға батып бара жатыр екен. Әлгі кісіні әрең дегенде су түбінен тауып, қарманып жағаға жетеледім. Сәтін салғанда медицина қызметкерлерінің жолыға кеткені. Әйтеуір көретін жарығы бар екен, аман қалды. Мен өз әрекетімді ерлік деп есептемеймін. Кім болса да араша түсуге ұмтылады ғой,–дейді Денис Сытник.
Сөз арасында үстіміздегі жылы облыста 26 адамның суға кеткендігін айта кетелік. Өткен жылмен салыстырғанда 7 адамға көп. Бір айта кетерлігі, оқыс оқиғаның көпшілігі шомылуға рұқсат етілмеген өзен-көлдерде орын алған.
–Рұқсат етілмеген аймақтардағы төтенше жағдайлардың алдын-алу мақсатында шомылу науқаны басталғалы 1400-ге жуық рейд жүргіздік. Ережелерді бұзған 390 адам әкімшілік жазаға тартылды. Сондай-ақ, 25 мың адамды қамтыған интерактивті жұмыстар жүргізілді,–дейді облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті жасағының бастығы Асхат Әкелжанов.
Маусым басталғалы құтқарушылар 92 адамды ажал аузынан аман алып қалған. Олардың 21-і кәмелетке толмағандар.
Байқал БАЙӘДІЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар