Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Рухани жаңғыру» ұлттық танымның аясын кеңейтті - АРҚА АЖАРЫ

«Рухани жаңғыру» ұлттық танымның аясын кеңейтті

Кеше өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақмола облысы аудандары мен Көкшетау, Степногорск қалалары әкімдерінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылуы бойынша өз өңірлерінде атқарып жатқан жұмыстары туралы баспасөз мәслихаттары басталды. Осы айдың аяғына дейін өтетін бұл шараны Целиноград ауданының әкімі Мәлгаждар Тәткеев пен Зеренді ауданының әкімі Берікжан Әбутәліпов бастап беріп отыр. «Арқа ажары» өзінің алдағы сандарында осы брифингтердің хабарын беріп отырады.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Целиноград ауданының әкімі Мәлгаждар Тәткеев өңірде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асуы бағытында атқарылған жұмыстар жайында айтып берді.
Жаңғыртудың алты бағыты жөнінде Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында жазған болатын,–деген аудан әкімі өңірде «Туған жер» арнайы жобасын жүзеге асыру аясында Преображенка, Отаутүскен ауылдарында 50 орындық бастауыш мектеп салынғанын, Бірлік ауылында 30 орындық бастауыш мектеп жөнделгенін жеткізді. Сондай-ақ, Родина селосындағы №33 орта мектептің акті залы мен асханасы қалпына келтірілген. Мәншүк ауылында мұғалімдер үшін жатақхана және футбол-баскетбол алаңы пайдалануға беріліпті.
– Ақмол селосында балалар спорттық алаңының құрылысы жүргізілуде. Аудандық сот аумағына Төле би, Әйтеке би, Қазыбек бидің мүсіні қойылды. Ақмол селосының бір көшесіне «Жеті жарғы» атауы берілді. Қабанбай батыр ауылында бірінші ресурстық «Ерекше білімді қажет ететін балалардың орталығы» ашылды. Сондай-ақ, аудан әкімдігі ғимаратының қабырғасына «Ұлы даланың ұлы есімдері» сурет галериясы ілінді. Осы атаумен Ақмол селосының «Рухани жаңғыру» паркінде аллея, осы селода 13 Еңбек Ерінің даңқ аллеясы, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі, «Белсенді ұзақ ғұмыр кешудің орталығы» және «Отбасы орталығы» ашылды. Аудандық өлкетану музейінің құрылысы жүргізілуде. Тайтөбе ауылында «Ғасырлар аманаты – қасиетті Ақмола» стелласы орнатылды,–деген аудан әкімі осы арнайы жоба бойынша Нұрлан Құсайынов, Қанат Жәкенов, Александр Лоренц, Иван Сауэр сияқты серіктестік директорларының атқарған игілікті істерін айтты.
«Киелі география» арнайы жобасы бойынша «Аналар рухы» мешіті салынған екен. Л.Н.Гумилев атындағы университет ұйымдастырған экспедиция нәтижесінде Қабанбай батыр, Нияз би, Ыбырай Жайықпаев, Көбек батыр, Қырықпай баба, Майлантау, Сарыкөлге қатысты қызғылықты өлкетану материалдары жиналыпты. Өткен жылы бірқатар селолық округ, елді мекендер мен көше атаулары өзгертілді. Целиноград ауданының әкімі одан әрі «Қазіргі заманғы әлемдегі қазақстандық мәдениет», «100 жаңа оқулық», «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы», «Қазақ тілін латын әрпіне көшіру» арнайы жобалары жөнінде айтып, журналистердің сауалдарына жауап берді.

Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілішісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар