Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Зерендінің киелі орындары Уәли хан мазарынан басталады - АРҚА АЖАРЫ

Зерендінің киелі орындары Уәли хан мазарынан басталады

Кеше өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақмола облысы аудандары мен Көкшетау, Степногорск қалалары әкімдерінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылуы бойынша өз өңірлерінде атқарып жатқан жұмыстары туралы баспасөз мәслихаттары басталды. Осы айдың аяғына дейін өтетін бұл шараны Целиноград ауданының әкімі Мәлгаждар Тәткеев пен Зеренді ауданының әкімі Берікжан Әбутәліпов бастап беріп отыр. «Арқа ажары» өзінің алдағы сандарында осы брифингтердің хабарын беріп отырады.

– Ауданымызда бағдарламаның барлық бағыттары іске асырылуда. Өлкеміздегі тарих және сәулет ескерткіштері, киелі жерлер, ауданымыздан шыққан атақты тұлғалар жайлы көптеген материалдар жинадық, – дей келе, Зеренді ауданының әкімі Берікжан Әбутәліпов бүгінгі таңда ауданда неолит, палеолит, орта ғасыр, қола дәуірлеріне жататын 16 тарихи-мәдени мұра ескерткіштері барын, олардың барлығында QR-кодтар орнатылғанын атап өтті.
Осылардың ішінде ең танымалы – Уәли хан мазары. Ақкөл ауылдық округіне қарасты Қазақстан ауылының маңында орналасқан киелі нысанға тарихшылар мен туристер көптеп келуде. Тарихи ескерткішке кәсіпкер-меценат Борис Козловтың қолдауымен қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліпті. Сондай-ақ, бүгінгі таңда туристердің зерлі Зерендідегі Әулиебұлақ сарқырамасына, Әулиетасқа деген қызығушылығы жылдан жылға артып келе жатқаны брифингте кеңінен айтылды. Биылғы жылдың алғашқы алты айында мұндағы киелі орындарды тамашалауға үш мыңнан астам адам келіпті.
Бұдан бөлек, ауданда археологиялық қазба орындары да бар. Бұл Кеңөткел, Орманды Бұлақ қорымдары. Биыл облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының археологтарымен Васильковка ауылының маңында қазба жұмыстары жүргізіліп, Сақ жауынгерінің сүйектері табылыпты.
–«Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасын іске асыру үшін республикалық бюджеттен жақсы қолдау көрсетіліп отыр. Қаржыландырудың жалпы сомасы 1,3 миллиард теңгені құрады. Бұл бағыт бойынша аудан орталығының тоғыз көшесінің жолдарын жөндеу және орталық көшеде тротуарлар орнату жұмыстары басталды, – дей келе Берікжан Әбутәліпов «Туған жер» бағдарламасының іске асырылуы жөнінде де тоқталып, бағдарламаны бірден қолдап әкеткен, ауылдарды көркейтуге үлес қосып жатқан меценаттарға зор ризашылығын жеткізді. Әсіресе, кәсіпкерлер Борис Козловтың, Жұмағұл Жолдықовтың есімдерін ерекше атап өтті. Брифинг соңында аудан әкімі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қойған сауалдарына жауап берді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар