Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мәдениет үйлері мен бала бақшалар жөнделуде - АРҚА АЖАРЫ

Мәдениет үйлері мен бала бақшалар жөнделуде

Шортанды ауданының әкімі Гүлнұр Сәдуақасова «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде өз өңірінде іске асырылып жатқан шаралар және алда тұрған міндеттер жайында кеңінен баяндап берді.

Брифинг барысында аудан әкімі алдымен ұлттық құндылықтарымызды ескеріп, танымдық жағынан білуімізге үлкен жол ашқан Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңыздылығын атап өтті. Бүкіл еліміздегідей бұл бағдарлама шортандылықтарға да үлкен жауапкершілік жүктейтіндігі айтылды. Бұрын елеусіз қалып келген тарихи ескерткіштер мен кейбір киелі орындар халық жадында қайра жаңғырып, халқымыз тарихи өткеніміз туралы деректер ауқымын кеңейте түсуде. Әрине бұл аудан жұртшылығының бағдарлама көмегімен осы іске белсене жұмылуынан серпін алып отыр. Брифингте аудан әкімі әсіресе, «Қазақстанның киелі жерлері» арнайы жобасы бойынша жүзеге асырылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Әкімнің сөзінше, ауданда Құлагер, Бүркіт ескерткіштері тәрізді он тарихи орын анықталған.
– Бүгінгі күні жергілікті бизнес өкілдері мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі шеңберінде аз қамтылған және көпбалалы отбасыларындағы балалардың өңірдегі киелі орындарға баруына  саяхат ұйымдастыруда. Бұл игі бастаманы Владимир Абермит, Александр Доброскок сияқты жомарт азаматтар басшылық жасайтын ауыл шаруашылығы құрылымдары алғашқы болып қолға алуда, – дейді Гүлнұр Сәдуақасова.
Сонымен қатар, ауданда «Туған жер» бағдарламасы аясында іске асырылған жобалар зор алғыс сезімін тудырады. Әр ауылда халықтың рухани және эстетикалық сұранысын қанағаттандыруға арналған мәдениет үйлері бар. Тоқырау жылдары олардың көбі керексіз болып, қирап қалған еді. Енді міне, соңғы жылдары әкімдік тарапынан көңіл бөлініп, сол мәдениет үйлері қайта түлеуде. Новокубанка, Пет-ровка және Пригродное ауылдарындағы мәдениет үйлері аудандық бюджеттен бөлінген 150 миллион теңге қаржыға қайта қалпына келтірілді. «Қазақалтын» тау-кен металлургия комбинаты» акционерлік қоғамы филиалы Жолымбет ауылында «Ботагөз» балабақшасына жөндеу жұмыстарын жүргізді. «Нұр астық» серіктестігі өздерінің бұрынғы кеңсесін Мықтыкөл мектебі ретінде жаңартып берді. Ал, «BI GROUP» холдингтік компаниясы басқармасының төрағасы, осы ауданның тумасы Асхат Омаров Ключевский орта мектебінің жанынан спорт алаңын ашып берді.
Ауданда «Ауыл – ел бесігі» жобасы да ойдағы жүзеге асырылуда. Барлығы 12,2 миллион теңгеге алты елді-мекенде балалардың спорт алаңдары ашылған. Жалпы, аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру үшін қаржыландыру биылғы жылы 1 миллиард теңгені құрапты.
– Жоғарыда аталғанның барлығы – қоғамдық сананы жаңғыртуға, адамдардың патриотизм сезімін нығайтуға, туған өлкенің тарихын тереңірек зерттеуге бағытталған шортандылықтардың зор еңбектерінің шағын бөлігі ғана. Бұл жұмысты одан әрі жалғастыратын боламыз, – деп сөзін қорытындылады аудан әкімі.
Брифинг барысында журналистер аудан әкіміне өңірдің мәдени, рухани өміріне қатысты өзге де сауалдарын қойып, жауаптар алды.

Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген
Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар