Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қатерлі мал ауруы ошағы жойылды - АРҚА АЖАРЫ

Қатерлі мал ауруы ошағы жойылды

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткен кезекті аппарат кеңесінде Аршалы ауданының Ольгинка селосында ірі қара малдың сібір жарасы ауруының орын алуына байланысты қолданылып жатқан шұғыл шаралар, басқа да өзекті мәселелер қаралды.

Бұл жағдай алғашқы күннен бастап облыс басшысының тікелей бақылауына алынып, аудан аумағындағы ауру ошағын жою жөніндегі жедел штаб құрылған болатын. Жергілікті жерде ветеринарлық, медициналық және санитарлық қызмет мамандарынан құралған жұмыс тобы ауруға қарсы шараларды жүргізуде. Қазіргі күні қауіпті дерт ошағы залалсыздандырылып, аурудың таралу қаупі жойылды.
Ольгинка селосының бес тұрғыны ауруханаға жатқызылса, олардың екеуінің дерт жұққызбағаны анықталып отыр. Ауруханаға түскендердің бәрі дәрігердің бақылауында ем алып жатыр, жағдайлары бірқалыпты. Ауру жұқтырған азаматтар сойған екі ірі қараның еті жойылды.
Осы оқиғаға байланысты карантин жарияланғаны белгілі. Ольгинка селосына кіре беріске тәулік бойы жұмыс жасайтын карантиндік қосын орнатылып, жұмыс істеуде. Ауыл аумағындағы барлық тұрғындардың малдары тексеріліп жатыр. Сауықтыру шараларын жүргізу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласынан «Республикалық мал ауруларына қарсы топ» республикалық мемлекеттік мекемесінің мамандары келіп, жұмыс істеуде.
Аппарат кеңесінде сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу, егін орағы науқанын өткізу, жылу беру маусымына дайындық, әлеуметтік маңызы бар нысандарды салу және жөндеу жұмыстары, басқа да мәселелер қаралып, салалық қызмет басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар