Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қыс айларында қысылмайды - АРҚА АЖАРЫ

Қыс айларында қысылмайды

Өткен жылы Есіл қаласында жаңа жылу электр орталығы пайдалануға беріліп, қыс айларында әлеуметтік нысандар мен көпқабатты тұрғын үйлерді жылумен ойдағыдай қамтамасыз етті.

Осының арқасында қала бойынша төрт бу қазандығы қысқартылған болатын. №7 агротехникалық колледждің түлегі, кәсіпорынның кезекші операторы Альфред Бикбаевтың айтуынша, жылу құбырының ұзындығы 40 шақырымды құрайды. Жылу электр орталығында жылу беру үрдісін компьютермен басқаратын барлық жүйе автоматтандырылған. Ыстық су айналымы мен қысым пультпен автоматты түрде реттеледі. Өткен қыс аязды болды. Дегенмен, қаладағы әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерде тұрақты температура сақталды.
Кәсіпорында Павлодар техникалық колледжінің түлегі Евгения Горбач қондырғыларды жөндейтін кезекші слесарь болып еңбек етеді. Бұған дейін ол № 1, № 6 бу қазандықтарында слесарь, жергілікті темір жол станциясында вагон жуушы болып жұмыс істеген. Өзге жылу беретін нысандарда мол тәжірибе жинақтапты. Кәсіпорын ұжымы қаланың жаңа жылу электр орталығы биылғы қыста да апатсыз жұмыс істейтініне сенімді. Ол үшін тиісті жұмыстар атқарылып, қысқы жылу беру маусымына алдын ала тиянақты дайындық жасалуда.
Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.
Суреттерді түсірген автор.
Есіл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар