Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Аршалыда «Ауыл – ел бесігі» жобасы іске асырылуда - АРҚА АЖАРЫ

Аршалыда «Ауыл – ел бесігі» жобасы іске асырылуда

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен Аршалы ауданында болып, жаңадан салынып жатқан нысандар мен жолдардың құрылысымен танысты,

Ольгинка селосының аумағындағы сібір жарасының ошағын жою жөнінде көшпелі штабтың отырысын өткізді.

Өңір басшысы алдымен, «Ауыл-ел бесігі» жобасын жүзеге асыру аясында Аршалы кентінің ішкі жол жүйесінің ағымдағы жөндеуін қарап көрді. Кент әкімі Ғабдолла Ахметжанов өз сөзінде қашықтығы 3,5 шақырым көше жолдарына асфальт төселгенін, 2,5 шақырым жолдың шұңқырлары жөнделгенін айтты. Қазір жаяу жүргінші жолдары жөнделіп, көшелерге күн көзінен қуат алатын 120 шам, жол белгілері орнатылуда. Төрт автобус аялдамасы қойылып, полиция кедергілері жасалған. Облыс басшысы денешынықтыру сауықтыру кешені құрылысының барысымен танысты. Қазір екі бөліктен тұратын кешеннің жертөлесін қазу жұмысы жүргізілуде. Облыс әкімі Аршалы кентіндегі орталық бу қазандығы құрылысының басында болды. Нысан 5 қыркүйекте пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Ермек Маржықпаев атқарылып жатқан жұмыстардың сапалы болуын қадағалауды тапсырды.
Өңір басшысы Аршалы аудандық ауруханасында болып, «сібір жарасы» диагнозымен түскен сырқат адамдардың жағдайын сұрап білді және Ольгинка селосы аумағындағы сібір жарасының ошағын жою жөнінде көшпелі штаб отырысын өткізді. Бұл жиынға облыстық, аудандық ветеринария және денсаулық сақтау қызметінің басшылары, Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері мен республиканың алдыңғы қатарлы ғалымдары қатысты. Келеңсіз жағдай жөнінде облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіхалықов, Аршалы ауданының әкімі Талғат Мұханбетжанов пен қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің басшысы Айгүл Мусина баяндады. Бүгінгі таңда тексерілуге келген 6 адамның төртеуінің диагнозы зертханада бекітілген. Олар дәрігердің қадағалауында жатып, қажетті ем-дом алуда. Сырқаттардың жағдайы тұрақты. Малдың ауруды жұқтыру себебі анықталуда. Кешендік жоспарға сәйкес, Ольгинка селосында карантин шаралары жүргізіліп, қоралар үш мәрте дезинфекцияланды. Карантин 30 тамызда толық алып тасталынады.
Сапа мен тауарлар қауіпсіздігін және қызметті бақылау комитеті басқармасының басшысы Зәуреш Жұмаділова малды сойған кезде ветеринарлық куәландыру құжатының болмағаны ауру жұқтыру оқиғасының негізгі себебі болып отырғанын айтты.
Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринарлық институтының маманы, ветеринария ғылымдарының кандидаты Владислав Сущихтың айтуынша, елді мекендегі карантиндік шаралар жоғары деңгейде жүргізілуде. Ол өз сөзінде сібір жарасына қарсы егілген вакцинаның сапасына күдіктенетінін, сондай-ақ, тұрғындар арасында санитарлық ағарту жұмысын нығайту қажеттігін айтты.
Талқылауды қорытындылаған өңір басшысы: «Бүгін біз бәріміз үшін маңызды мәселені талқыладық. Штабтың барлық мүшелері жағдайды өз бақылауында ұстауы қажет. Эпизоотикалық жағдай ветеринарлық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі. Мұнымен азаматтарымыздың денсаулығы және тұрмыс жағдайы тікелей байланысты» деп атап өтті және өңірдің салалық департаменттері мен басқармаларына сібір жарасын уақытында анықтауды қамтамасыз етуді, эпидемиялық есепке алу және зерттеу жұмысын жалғастыруды, тұрғындар арасында санитарлық ағарту жұмысын нығайтуды тапсырды. Сондай-ақ, мал шикізатын дайындаумен кәсіби түрде айналысатын тұлғаларға барлық малды уақытында вакциналауды ұйымдастыруды, сібір жарасының ошағын жою шарасын қамтамасыз етуді, Ольгинка селосындағы жағдай жөнінде бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желіде уақытында жариялауды міндеттеді.
Кеңестен кейін Ермек Маржықпаев Ольгинка селосының кіре берісіндегі карантиндік күзет бекетінің жұмысымен танысты.

Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретті түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.
Аршалы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар