Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мақсат – жаңарудың нақты іс-қимылы - АРҚА АЖАРЫ

Мақсат – жаңарудың нақты іс-қимылы

«Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткен партия филиалы саяси кеңесінің

кеңейтілген отырысында 2019 жылғы 21 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында «Nur Otan» партиясының кеңейтілген Саяси кеңесінде алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланып, осыған қатысты міндеттер белгіленді.

Саяси кеңес мүшелері, аудандық «Nur Otan» партиясы филиалдары төрағалары мен бірінші орынбасарлары, облыстық департаменттер мен басқармалардың және ведомстволардың басшылары, түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттары мен БАҚ өкілдері қатысқан жиында Ермек Маржықпаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасының «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бойынша шаралардың өңірде жүзеге асырылуды туралы айтып берді. Партия филиалының төрағасы партияішілік үміткерлерді анықтау және іріктеу тетіктерін қолдану қажеттігіне тоқталды.
– Өкінішке орай, біз бұл мехнизмді сайлауалды электрольды кезеңде ғана қолданамыз. Сондықтан, партиялық кадр резервін дайындауда әңгімелесуден, тестілеуден тыс жағдайларда ішкі партиялық үміткерді анықтау тетігін қолдану қажет, – деді Ермек Маржықпаев.
Сонымен қатар, облыс басшысы мәселелерді шешуде партияның депутаттық фракциясы заңнамалық бастаманы белсенді жүзеге асыру, бюджет қаражатын үлестіруді бақылау қажеттігін атап өтті.
– Осыған орай, облыстық бюджетті сессияда бекіткенге дейін, «Nur Otan» партиясы фракциясының отырысында қарауды, міндетті түрде қоғамдық тыңдауды өткізуді ұсынамын, – деді Ермек Маржықпаев.
Партияның облыстық филиалы төрағасының айтуынша, партия ішіндегі реформа оның сапалы құрамын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ең бірінші, Мәжіліс және мәслихатқа партия тарапынан ұсынылатын депутаттар жіті іріктеуден өткізіледі. Келешекте көшбасшы партиядан сайланған депутаттар елде және қоғамда болып жатқан мәселелер бойынша қысылып-қымтырылмай халықтың алдына шығып, оны шешудің нақты жолдарын түсіндіре алатын саясаткер болуы тиіс.
Партияның облыстық филиалы, оның құрылымдық бөлімшелері сайлау және консультативті органдарға сүйене отырып, партияға мүше басшылар мен лауазымды қызметшілердің партиялық жауапкершілігін жүйелі түрде қарайтын болады.
Партия алдында жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын нығайту, ақпараттық стратегияны түбегейлі өзгерту, Жастар жылы бойынша «Жол картасын» жүзеге асыруға байланысты әкімдіктер мен депутаттық фракциялардың бірлескен отырысын өткізу және орындау міндеттері қойылып отыр.
Осы орайда, партия филиалының саяси кеңесінің отырысында оның мүшелері Астрахан аудандық мәслихатының хатшысы Құралбек Сүлейменов, облыстық мәслихаттың депутаты Серік Аяғанов, жеке кәсіпкер Ирина Жукова, өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Нахыпбеков, ІТ мектебінің директоры Айнагүл Балташева, Егіндікөл аудандық мәслихатының депутаты Лариса Шевцова және «Тыныс» акционерлік қоғамының бас-
тауыш партия ұйымының төрағасы Данияр Ташенов сөз сөйлеп, партия төрағасының алға қойған міндеттеріне кеңінен тоқталып өтті.
Жиында әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету мәселесі де айтылды. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудың жаңа үлгісі бойынша аз қамтылған отбасылардың саны үш есеге, яғни, 2,7 мыңнан 8,4 мыңға артты. Бұл бағытта түйіткілді мәлелелер де аз емес, әсіресе, табысы мен мүлкін жасырып, атаулы әлеуметтік көмек алып отырған отбасылар да анықталған. Қазіргі кезде, әлеуметтік қорғау, мемлекеттік кірістер органдары, учаскелік инспектор, қоғам өкілдерінен құралған жұмыс комиссиясы құрылып тексеріс жүргізуде. Тексеріс барысында 1331 адамның 751-іне төлемдер тоқтатылды. 194 отбасыға мүлдем берілмейтін болды. 386 отбасыға төленген ақша кейін қайтарылуда. 25 өтініш берушіден 3,3 миллион теңге ақша кері қайтарылып алынды. Ал, қалған отбасыларға қатысты арыз сотқа жолдануда. Сонымен қатар, кейбір отбасылардың алған ақшасын жыл соңына дейін өз еркімен қайтаратындығы туралы өтініштері де бар.
Бұдан бөлек, жиын барысында «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы саяси кеңесінің төрағасы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру, халықтың әл-ауқатын арттыру шаралары туралы айтып берді. Әсіресе, сұраныс туғызып отырған мамандардың жұмысқа орналасуына жағдай жасау қажеттігі айтылып, өз кәсібін ашушыларға несие желсінің өңірде жеткілікті екендігін еске салды.
Бұдан кейін «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы саяси бюросының отырысы өтіп, онда Целиноград, Аршалы және Шортанды аудандарында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын жүзеге асыру барысы және аудандық бастау партия ұйымдарының жұмыстары талқыланды.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар