«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылатын электрондық қызмет ауқымы жылдан жылға кеңейіп келеді. Бұның өзі қызмет жеделдігі мен қолжетімділігін арттырып, азаматтар үшін оны неғұрлым қолайлы ете түсуде.
Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент пен облыстық білім басқармасы және Akmola.kz ақпараттық жүйесін жасаушылар Көкшетау қаласы тұрғындарының арасында электрондық жүйе қызметін пайдалану туралы насихат жұмыстарын жүргізуде. Оның мақсаты ата-аналарға балаларын мектепке оқуға беруге аталмыш сайт қызметін пайдаланудың тиімділігін түсіндіру. Ол үшін Akmola.kz сайтына кіріп, басты беттен «Мектепке қабылдауға қажетті құжаттарды тапсыру» қызметін пайдалану қажет. Қызметті пайдалану үшін электронды қолтаңба талап етіледі.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.