Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тамыз кеңесінде жаңалық көп болды - АРҚА АЖАРЫ

Тамыз кеңесінде жаңалық көп болды

Білімсіз ешбір даму болмайтынын халық жақсы түсінеді. Біз мұны күнбе-күн сезінеміз. Мен таяуда ұстаздардың ең басты жиыны – мұғалімдердің республикалық тамыз кеңесіне қатысып, сөз сөйледім.

Осы конференцияда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ағылшын тілін оқытуды 2-3-ші сыныптан немесе ата-аналардың қалауына қарай 5-ші сыныптан бастау орынды әрі тиімді болады деп санаймын. Ал, жоғары сыныптарда жаратылыстану-техникалық пәндерді мектептердің дайындығына қарап жүргізу қажет» деп атап көрсеткен болатын.
Конференцияда білім беру саласындағы өзекті мәселелерді жүйелі шешудің жолдары көрсетіліп, Мемлекет басшысы аталған түйткілдердің түйінін тарқататын тапсырмалар берді. «Педагог мәртебесі» туралы заңның қолданысқа енгізілу мерзімі бекітілді. Жиын барысында мектеп мұғалімдерінің көкейінде жүрген, әлі де болса шешімі табылмаған жайттар ортаға салынды, алдағы уақытта көптеген олқылықтардың орны толатынына сенім ұялады.
Әсіресе, Президенттің ел Үкіметіне төрт жылдың ішінде мұғалімдердің жалақысын екі есеге өсіруді тапсырғаны ұстаздар қауымының еңбегі еленгені деп есептейміз.
Сондай-ақ, сынып жетекшілігі мен дәптер тексергені үшін қосымша ақыны екі есеге өсіру, еңбек демалысының мерзімін 56 күнге дейін ұзарту, магистр дәрежесі үшін үстемақы төлеу және тағы басқа шаралар көзделіп отыр. Мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімімін. Қай ортада жүрсем де үнемі қазақ тілінің болашағы туралы пікірімді ортаға салып, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру үшін барынша атсалысып келемін. Осы орайда, алқалы жиында Мемлекет басшысы үштілділікке қатысты өте орынды ой айтты. Кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқытуға көшіруде мектептің, мұғалімнің дайындығы, оқушылардың қалауы ескерілуі тиіс. Себебі, барлық білім ошақтары мен педагогтар оған дайын емес. Пән мұғалімдері түгілі, ағылшын тілін 4 жыл оқып келген мамандардың өзіне биология мен химияның терминдері оңай тимейді, сондықтан оған біртіндеп көшкен жөн. Елбасы айтқандай, қазақ тілі бірінші болуы керек. Мемлекеттік тіл ғылым тіліне айналуы қажет.
Мен де осы жиында сөз сөйлеу құрметіне ие болдым. Жалпы, ұстаздар қауымы, қашанда бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуде жүктелетін міндеттің салмағын жақсы түсінеді. Білім жүйесіне озық тәжірибе мен жаңашылдықты енгізу мемлекеттің болашағы үшін маңызды. Өкінішке орай, қазіргі жас мамандардың білімі мен біліктілігі көбіне көңілден шықпай жатады. Оның бір себебі – педагогикалық мамандықтарға конкурстың төмендігі. Сондықтан, болашақ мұғалімдерді қалай оқытып, олардың шеберліктерін қалай шыңдау қажеттігін қайта қарауымыз керек. Балалардың оқудағы жетістігі мен болашақ кәсібіне дайындығы мұғалімдердің біліктілігіне тәуелді. Жас ұрпаққа жаңаша білім беру үшін ұстаздарымыздың өзі түбегейлі өзгерістерге дайын болуы керек деп есептеймін.

Дамир СҰРАҒАНОВ,
Щучинск қаласындағы №7 мектеп-лицейінің директоры.
Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар