Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жүйелі жұмыс жетістікке бастайды - АРҚА АЖАРЫ

Жүйелі жұмыс жетістікке бастайды

Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында жетекші рөл атқарады және оны айқындай түседі.

Ал, білім беру ордаларының бүгіні мен ертеңі, оқушылардың білімділік және тәрбиелік деңгейі шешуші дәрежеде мұғалімге, ата-анаға, қоғам қауымдастығына, жүргізілген жұмыстарға, ізденіске байланысты.

Қазіргі білім беру жүйесінің басты міндеті: жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы және оның кәсіби жетілуіне, баланың тәрбиелену, білім алу және жан-жақты дамуына қажетті жағдайлар жасау, ана тілін, ұлттық салт дәстүрлерін сақтау, ақпараттану, денсаулығын нығайту сияқты құндылықтарды іске асыру болып табылады. Қай елде болсын, балаға білім беру ісі елеулі орын алып, онымен шұғылданатын мамандарды ізденіске итермелеп отырған. Себебі, еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің, келешек ел қожасы – жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ. Қазіргі таңда еліміздің келешегін, нағыз өз елін сүйетін, әдет-ғұрпын, салт-санасын қастерлейтін ұрпақты тәрбиелеу – біздің басты парызымыз.
Жақсы ауданында 21 мектеп бар. Оның 16-сы орта, 4-еуі – негізгі, 1-еуі – бастауыш, сондай-ақ, 3 қосымша білім беру ұйымдары бар. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, ауданның барлық мектептері білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен. Жаңартылған білім мазмұны бойынша курстардан бүгінгі күні педагогтардың 90 пайызы өтті. Бөлім іс әрекеттік тәсіл мен желілік қағидаттарға негізделген әдістемелік қолдау көрсетудің жаңа нысандарын дамыту арқылы білім беру жүйесін моделдеу үшін педагогтарға жағдай жасау, әдістемелік көмек көрсету, білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесін жетілдіру бағытында елеулі жұмыс атқаруда. Алға қойылған міндеттерді орындау үшін бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен түрлі семинарлар, тренингтер, коучингтер, шебер-сыныптар, постерлік презентациялар, кәсіби сайыстар, пән олимпиадалары өткізіліп тұрады.
Қазіргі кезеңде білім беру жүйесі, оқыту үдерісін жаңғыртуға бағытталған үлкен өзгерістерге ұшырауда. Соңғы уақытта, заман талаптарына орай әдістемелік жұмыс сипаттамасының барлық құрамдарына жаңашылдықтар енгізіліп жатыр. Осы жаңашылдықтардың бір көрінісі «Жаңартылған білім беру мазмұнының контексінде педагог тәжірибесін жетілдіру» тақырыбындағы облыстық аймақтық семинар жұмысының барысында көрсетілді. Заманауи өзекті жаңа технологияларды әдістемелік жұмыстарда енгізу біздің ауданымызда да жолға қойылғандығы жөнінде облыстық білім басқармасының жанындағы оқу әдістемелік кабинет директорының орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты Гүлнәр Күшпаева өз пікірін білдіріп, «Педагог тәжірибесіндегі жаңаша идеялар» әдістемелік көрмесіне жақсы баға беріп, белсене қатысушыларды Алғыс хатпен марапаттады.
Егеменді еліміздің жарқын болашағы – бүгінгі талапты жастарға сапалы білім мен саналы тәрбие беруде, оқушылардың бойындағы ерекше қабілеттері мен таланттарын жан-жақты ашуда аянбай еңбек етудеміз. Биылғы оқу жылы да бөлім үшін жемісті жыл болды. Сол жетістіктер желкенінің астарында ұстаздардың шынайы, бәсекеге қабілетті білімі жатыр. Оқушылар өз білімдері мен өнерлерін қалалық, республикалық, халықаралық деңгейде көрсете отырып, биік белестерді бағындырды. Атап айтсақ, №1 Жақсы орта мектебінің оқушысы Төлеген Мәдина Қ.Бітібаева атындағы республикалық қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасының ІІІ орын иегері атанса, Хамит Айжан «Тіл дарыны» облыстық байқауында ІІ орын иеленді. Аудан оқушылары Алтын Зиядова, Ұлан Қазымбек, Әмина Омашова Абай, Махамбет оқуларының жеңімпаздары. 1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» облыстық конкурсында Ғ.Абдрахманов атындағы Қима орта мектебінің оқушылары Ділназ Қасымбекова, Мәдина Асылқұловалар аудан намысын қорғап, ІІІ орын иегерлері атанды. Оқушылардың дарындылығын дамытуда ғылыми-жоба жұмысы байқауында №1 Жақсы орта мектебінің оқушысы Қыдырбек Аружан жүлделі орынға ие болды. «Сәтті бастама» командалық бизнес жобасында Қ.Өскенбаев атындағы Қима орта мектебінің «Искра» командасы І орынды, «Қазақстан эрудиті» танымдық – зияткерлік байқауында Ишимское орта мектебінің оқушысы Шәріп Аруна да І орынды қанжығасына байлады. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық құндылықтар идеяларын және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда «Менің археологиялық экспедиция жұмысына қатысуым» бағыты бойынша Запорожье орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Е.Байдүйсенов қатысып, жүлделі 1-ші орынды және 100 мың теңге сертификат иеленді. «Өлкетану – ұлттық жаңғыру» бағыты бойынша Терісаққан негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Е.Досанова «Тарихи тұлғалар: аңыз бен ақиқат» тақырыбында қатысып, жүлделі 3-ші орынды иеленіп, 60 мың теңге сертификатқа ие болды. Ақмола облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен Ұлттық бірлікті нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мақсатында ағымдағы оқу жылы «Орыс мектептеріндегі қазақ тілі пәні мұғалімі» конкурсында Жаңагүл Алшынбаева І-і орынға ие болып, 400 мың теңгені қанжығасына байлады. «Педагогикалық идеялар панорамасы» бейне-сабақтар байқауына Қ.Өскенбаев атындағы Қима орта мектебінің химия-биология пәнінің мұғалімі Ю.Ю. Васильева қатысып, жүлделі 2-ші орынды алып, 30000 теңгенің сертификатын, «Педагогикалық дебют» жас мамандар арасындағы облыстық жүлделі 1-ші орынды алып, 45000 теңгенің сертификатын иеленді. «Тілдерді оқытудағы білім беру үрдісінің технологиясы» Педагогикалық оқуларында бөлім әдіскері Ахметова Сағида Амантайқызы мен Терісаққан орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Абакарова Ольга Леонтьевналар 3-ші орынды иеленді. Алматы қаласында өткен республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауында №1 Жақсы орта мектебінің мұғалімі Л. Қасқаева «Өз ісінің шебері» номинациясына ие болды. Мектеп жасына дейінгі ересек балаларға арналған «Ханталапай» зияткерлік ойынының облыстық кезеңінде «Дән» балабақшасы ІІ орынды иеленді. Математикадан «Бастау» облыстық конкурсында №2 Жақсы орта мектебінің оқушысы Цертик Ева жүлделі 2-ші орынмен марапатталды.
Еліміз тәуелсіздікке қолы жеткен қазіргі кезде білім беру жүйесіндегі негізгі міндет – ұлтымыздың таным құндылықтарын бойына сіңіріп, салт-дәстүр, әдет-ғұрып мәйегін ұрпақ санасына егу арқылы тәлім-тәрбие беру. Ұстаз қолында адам тағдыры, болашақ ел тағдыры тұрады. Сол себепті, заман талабына сай шығармашылықпен, жаңашылдықпен сан қилы тәрбие жұмыстарын жүргізу –тәрбиешінің басты міндеті екенін ұмытпауымыз керек.
Ақжарқын САУЫТОВА,
Жақсы аудандық білім бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар