Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бұқаралық спортты дамыту – ұлт саулығының кепілі - АРҚА АЖАРЫ

Бұқаралық спортты дамыту – ұлт саулығының кепілі

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа  Жолдауын бастан аяқ тыңдап шықтым. Жолдауда көпшіліктің көкейінде жүрген көптеген өзекті мәселелер көтерілген. Әсіресе, спортшы ретінде мені Жолдауда спортты, оның ішінде бұқаралық спортты дамытуға назар аудару қажеттігі туралы айтылған пікір қуантты.

Жолдауда бұқаралық спортты дамытудың кешенді бағдарламасын жасау және оны заңдық негізде бекіту қажеттігі айтылды. Бұқаралық спортты дамыту – бұл адамдардың денсаулығын нығайтып, мықты ұлттың қалыптасуына жағдай жасайтыны белгілі. Денсаулығы мықты адам ғана толыққанды еңбек етіп, мемелкетімізды дамытуға үлесін қоса алады. Осы тұрғыдан алғанда, Жолдауда көтеріліп отырған бұл мәселенің мемлекеттік маңызы бар екендігі анық.

Елімізде, оның ішінде біздің облысымызда  спортты дамытуға жеткілікті деңгейде көңіл бөлініп келеді. Облысымызда жаңа спорт залдары ашылып, спортпен айналысуға қажетті жағдайлар жасалуда.  Балалардың спортпен айналысуы үшін қажетті спорт алаңдары ашылуда. Бұның бәрі өз кезегінде бұқаралық спортты дамытып, ұлт денсаулығын нығайтуға игі ықпалын тиігзетіндігі сөзсіз.

Нарқыз Ұзақбаева,

Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының мүшесі, кикушинкай-кан каратэден әлем чемпионы,  халықаралық спорт шебері.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар