Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бірлігі бекем елдің – болашағы жарқын - АРҚА АЖАРЫ

Бірлігі бекем елдің – болашағы жарқын

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдаған тұңғыш Жолдауын тебірене отырып тыңдап, көп жайттарды түйсіндік. Жолдауда қоғам дамуының басты-басты бағыттары айқындалып, зор міндеттер жүктелгендігі белгілі.

Ең алдымен еліміздің тәуелсіздік тәжін кигеннен бергі төрткүл дүниені тегіс тамсантқан өсу-өркендеу жолын атап айтпасқа болмайды. Бұл ретте, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кемеңгер де көреген саясатына тәнтіміз. Алғашқы жылдардан бастап біртұтас қазақ елі әлемдегі беделді әрі орнықты мемлекетке айналды. Жұдырықтай жұмылған тұтастығымыздың арқасында еліміздің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы жақсарып, болашақтың жолы баянды бола түсті. Ең бастысы, бейбіт еліміздің даму жолы барша әлем жұртшылығының назарына ілікті. Бірлігімен, бекем тірлігімен, бақуатты берекесімен, ажарлы мерекесімен! Қазақ елін мекендейтін жүздеген ұлттар мен ұлыстардың арасындағы қарым-қатынастың дәнекер жібі бұрынғыдан бетер нығая түсті. Мәселен, біздің Көкшетау мен Қараөткел өңірін мекендейтін ат төбеліндей ғана чуваш ұлтының өкілдері ел егемендігін алғанша бірін-бірі туыс тұтып, ағайын санап іздей қойған жоқ еді. Егемендік бізге ең алдымен өз ұлтымызды, оның тарихын, бүгінгі болмысын танып-білуге, ертеңгі келешегіне сеніммен қарауға,  нық басып, алға ұмтылуға мүмкіндік берді. Жасыратыны жоқ бұрын орыс тілінде сөйлеп, орыс тілінде ойлап келген болатынбыз. Өзіміздің чуваш екенімізді білсек те, тілімізді, ділімізді ұмыттық. Еліміздің егемендік алуы біздің чуваш ұлты үшін ұлттық болмысымызды өзімізге қайтарғандығымен қымбат. Тәуелсіздіктің бізге берген бір сыйы сол.

Қазір Көкшетау қаласында чуваш мәдени орталығы өз ана тілін оқыту жұмыстарын жандандырып отыр. Жалғыз өз тілімізді ғана емес, қазақ тілін де оқып үйренудеміз. Алдағы уақытта латын графикасына көшетін болғандықтан, біздің орталық оқып үйрену жұмыстарының басты бір бағытын осы мәселеге бұрып отыр. Тілді үйрену арқылы біз жергілікті ұлттың сан ғасыр бойы өзімен бірге жасасып келе жатқан әдемі әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін үйренуге ұмтылудамыз. Облыста өтетін шаралардан сырт қалмаймыз. Біздің чуваштың қыз-келіншектерін қазақтың қол өнері керемет қызықтырады. Шынтуайтына келгенде, арғы тамырымыз бір болғандықтан, қолөнерімізде де, ас мәзірін дайындауда да, жалпы, тұрмыс-салтымызда көптеген ұқсастық бар. Өйткені, біз ата салтының түбі бір ағайын елміз.

Жолдауда ел Президенті әлеуметтік және этникалық топтар арасындағы келісім бүкіл қоғамның бірлескен еңбегінің нәтижесі деп өте дұрыс айтты. Ұлы достық үлкен топтың, үлкен жүректі адамдардың ғана қолынан келеді. Алдағы уақытта біздің чуваш орталығы ел бірлігін нығайта түсу үшін қызмет ететін болады. Жолдауда анық айтылғандай, артық дабырасыз, даңғазасыз. Бекем бірлікпен!

Елена МАЩИНСКАЯ,

Ақмола облыстық мәслихаттың депутаты,  

чуваш мәдени орталығының жетекшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар