Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Денсаулық саласына 2,3 триллион теңге бөлінеді - АРҚА АЖАРЫ

Денсаулық саласына 2,3 триллион теңге бөлінеді

Облыстық көпбейінді аурухана ұжымы мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауын тыңдап, талқылады.

Ұжым болып, ел Президентінің жолдауын тыңдаған аурухана қызметкерлері мемлекет дамуын ілгерілететін Жолдаудың маңыздылығын атап, өз пікірлерін ортаға салды.

Президентіміз елдегі біраз мәселелердің басын ашып, оны шешу жолдарын айтып бергендігін алға тартқан облыстық мәслихаттың депутаты Серік Аяғанов жолдаудада әлеуметтік мәселелерге көп көңіл бөлінгендігін айтты.

  • Президентіміз денсаулық сақтау саласына жеке тоқталып өтті. Әсіресе, жасөспірім балалардың денсаулығына, олардың спортпен айналысуына көңіл бөлу керектігін айтты. Аналар мен сәбилердің денсаулығына баса назар аударып, жағдайларының жақсаруын қадағалауды тапсырды.2020 жылдан бастап медициналық сақтандыру жүйесі өз жұмысын бастайды. Алдымыздағы үш жылда республикалық бюджеттен тегінмедициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне2,8 триллион теңге қаржы бөлінейін деп жатыр. Медицина саласының дамуына 2,3 триллион теңге бөлінеді. Менің ойымша, бұл жалпы халықтың денсаулығына, оның ішінде медицина саласының дамуына көрсетілген үлкен көмек, – дейді Серік Аяғанов. Сонымен қатар, Президенттің ауыл-аймақтың жағдайын жақсарту мақсатында газ, су тарту, жол жөндеу мәселелерінетоқталғандығы, ауылдың ары қарай дамуына серпін береді деп санайды.

Аурухана қызметкері Жолдауда айтылған медицина саласының дамуына бөлінген қаржы көлемі осы салаға тың серпін берері сөзсіз деп санайды.

  • Біз жаңа ғана өзіміздің ұжымымызбен ел Президентінің халыққа жолдауын тыңдап шықтық. Өз басым жақсы әсер алдым. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетін медициналық сақтандыру жүйесі туралы айтылған пікірі қатты ұнады. Медицинаның дамуына 2,3 триллион теңге бөлінгендігін айтты. Бұл – осы салаға көп көңіл бөлінетіндігін көрсетеді, – дейді ангиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Маралбек Жиналыс.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар