Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
154 мың студент пен оқушы парасаттылық сағатына қатысты - АРҚА АЖАРЫ

154 мың студент пен оқушы парасаттылық сағатына қатысты

Білім күніне орай Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен

өскелең ұрпақтың бойында адалдық, әділдік, парасаттылық қағидаларын қалыптастыру мақсатында еліміздің барлық оқу орындарында тұңғыш рет ұйымдастырылған жалпы республикалық «парасаттылық сағатына» ақмолалықтар да үлес қосты.

Бұл шара біздің облысымыздың да барлық оқу орындарында, яғни, 557 мектеп, 33 колледж, 4 жоғары оқу орнында өтті. Қатысушылардың жалпы саны 124 мың оқушы мен 30 мың студентті құрады. Дәріскерлер ретінде мемлекеттік, құқық қорғау және сот органдарының басшылары, «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, облыстық және аудандық арнайы мониторинг топтардың өкілдері, аудан, қала әкімдері және олардың орынбасарлары, қалалық және аудандық мәслихаттардың хатшылары, «Nur Otan» партиясының өкілдері шақырылды.
Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев Көкшетау қаласының №2 орта мектеп-лицейінің оқушыларын жаңа оқу жылымен құттықтап, балаларға сыбайлас жемқорлықтың теріс салдары туралы баяндап, адал, әділ, мейірімді және сыпайы болуға шақырды. Кездесу қызықты әңгіме түрінде өтіп, онда балалар үйде, жұмыста болғанда, жолда жүргенде немесе кезекте тұрғанда өздерін қалай ұстау керектігін талқылады.
– Парасатты азамат болу – әрбір қазақстандықтың өмір сүру ісіне айналуы тиіс. Өз өзіне, өз еңбегіне және қоршаған ортаға адал және парасатты қарым-қатынаспен қарау – еліміздің жетістігінің басты факторы, – деп атап өтті Мұрат Төлеубаев.
Қоғам қайраткерлері де осынау үлкен іс-шарадан шет қалмады. Атап айтқанда, «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Самира Тәйтенова мен «Белый блогер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерлаз Жайықбаев қатысып, белсенділік танытты. Оқушылар мен студенттер арасындағы парасаттылықты қалыптастыру жұмыстары оқу жылының соңына дейін жүргізілетін болады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар