Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жастарға – жұмыс, мекемелерге – білікті маман қажет - АРҚА АЖАРЫ

Жастарға – жұмыс, мекемелерге – білікті маман қажет

Ақмола облыстық жастар ресурстық орталығы жастарға жұмысқа орналасуға көмектесу мақсатында Көкшетау қаласында бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды.

Ақмола облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мәліметтері бойынша 2019 жылғы
1 тамызға дейін есепте тұрған жұмыссыздардың саны 3706 адамды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,1 пайызға артық. 2019 жылдың басынан бері жұмысқа орналасу мәселесі бойынша 12954 адамның өтініші тіркелген. 9315 адам немесе барлық өтініш білдіргендердің 71,9 пайызы жұмысқа орналастырылған. 2019 жылдың 1 тамызында экономикалық тұрғыдан белсенді халыққа шаққанда жұмыссыздар санының үлесі 0,9 пайыз болды.
–Бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру – жас мамандар үшін ғана емес, жұмыс берушілерге де маңызды. Себебі, жәрмеңке барысында жұмыс берушілер өздеріне қажетті мамандарды таңдауына, ал жұмыс іздеп келген азаматтарға мамандықтары бойынша жұмысқа тұруға мүмкіндік туғызады. Жастар ресурстық орталықтары қызметінің негізгі мақсаты жастар мен жастар ұйымдарын қолдау және дамыту болып табылады. Бұл шараны алдағы уақытта да өткізуді жоспарлап отырмыз. Бүгінгі жәрмеңкеде 60-қа жуық жұмыссыз жасты қамту ойымызда бар. Әсіресе, жұмысшы мамандықтарға, мұғалімдерге деген сұраныс жоғары, – деді Ақмола облыстық жастар ресурстық орталығы ақпараттық талдау бөлімінің басшысы Гүлзат Бекбауова.
Шараға облыс орталығындағы жекеменшік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысып, жастарға бос жұмыс орындарын ұсынды. Ал, «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Қымбат Жүсіпова жастардың өтініш-тілектерін тыңдап, жұмыспен, бас-панамен қамтуға байланысты партия тарапынан қандай көмек көрсетілетіні, сонымен қатар, «Дипломмен – ауылға!» секілді мемлекеттік бағдарламаларға қалай қатысуға болатыны жайлы айтып берді.
Осы орайда біз дипломды жас Еркежан Айдаубайды сөзге тартқан едік. Ол Шығыс Қазақстан облысындағы жоғары оқу орындарының бірін программист мамандығы бойынша тәмамдапты. Былтырғы жылдың тамыз айында облысымызға қоныс аударып келген. Бос орындар жәрмеңкесі өтетінін естіп, осында жұмыс іздеп келген жасқа мамандар көмектесуге уәде беріп, түйіндемесін алып қалды.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретті түсірген Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар