2019 жылғы шілде айы үшін облыстағы инфляция және қаржы нарығындағы жағдай туралы

Инфляция, қайта қаржыландыру мөлшерлемесі және алтын валюта резервтері.
Ақмола облысының Статистика департаментінің ресми деректері бойынша 2019 жылғы шілдеде облыс бойынша тұтыну бағаларының индексі 2018 жылғы желтоқсанға қарағанда 102,4 пайыз, 2018 жылдың тиісті кезеңінде – 102,7 пайыз, республикалық мағынада – 102,8 (102,7 пайызды) құрады. Ақылы қызмет көрсету тарифтері 1,7 пайызға төмендеді, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 2,2 пайызға, азық-түлік тауарлары – 6,0 пайызға қымбаттады.
2019 жылғы 16 сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін базалық мөлшерлеме жылғы 9,00 пайыз құрайды.
Еліміздің алтын валюта резервтері бір айда 1,4 пайызға өсті, 87,6 миллиард АҚШ долларын құрады, оның ішінде Ұлттық Банкінің жалпы халықаралық резервтері 27,7 миллиард АҚШ долларын, Ұлттық қордың активтері 59,9 миллиард АҚШ долларын құрады.
Облыстағы қаржы нарығының жағдайы.
2019 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Ақмола облысының банк жүйесінде облыс орталығында және облыс бойынша орналасқан қосымша ғимараттарымен екінші деңгейлі банктердің 17 филиалы және «Қазпошта» АҚ Астана филиалы «Астана почтамты» Көкшетау ҚПБТ бар.
Валюта нарығы. 2019 жылдың шілде айында АҚШ долларына теңгенің орташа алынған биржалық айырбас-
тау бағамы 383,66 теңгені, еуроға – 430,81 теңгені, ресей рубліне – 6,07 теңгені құрады.
2019 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Ақмола облысының аумағында 93 айырбастау пункті жұмыс істейді, оның ішінде: 60 – банк филиалдарының, 24 уәкілетті ұйымның 33 айырбастау пункті бар.
2019 жылғы шілде айында облыстағы айырбастау пунктері 10,2 миллион АҚШ долларын, 2,0 миллион еуро және 621,5 миллион ресей рублін сатты.
Депозит нарығы. 2019 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша банктердегі депозиттерінің жалпы көлемі 156,3 миллиард теңгені құрады. Бұл 2018 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 2,9 пайызға азайды, өткен аймен салыстырғанда 0,5 пайызға өсті.
Депозиттердің жалпы сомасында теңгемен салынған депозиттердің үлес салмағы 72,9 пайыз.
Теңгемен салынған депозиттер бойынша орташа өлшемді пайыздық мөлшерлеме – 8,76 пайыз, шетел валютасы бо-
йынша – 1,04 пайыз болып қалыптасты.
Облыс халқының жан басына шаққанда депозиттердің орташа мөлшері 2019 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 211,5 мың теңгені құрады.
Кредит нарығы. 2019 жылғы 1 тамыздағы жағдай бо-
йынша экономикаға салынған кредиттік салымдардың жалпы көлемі 199,8 миллиард теңгені құрады, бұл 2018 жылғы 1 тамыздағы жағдайдан 9,0 пайызға аз, ал өткен аймен салыстырғанда 1,5 пайызға өсті.
2019 жылғы шілде айында облыс банктері сомасы 13,5 миллиард теңгеге кредит берді, бұл 2019 жылғы маусым айынан 21,1 пайызға аз.
2019 жылғы шілде айында теңгемен берілген кредиттер бойынша орташа салмақтанған пайыздық мөлшерлеме – 15,5 пайызды, шетел валютасындағы кредиттер бойынша – 7,4 пайыз құрады.
Кредиттерді долларландыру деңгейі берілген кредиттердің жалпы көлемінен 3,3 пайызды құрады.
Тұтынушылық кредиттер. Банктердің тұтынушылық кредиттері бойынша облыс халқының берешегі 65,6 миллиард теңгені құрады. 2019 жылғы шілде айында халыққа берілген тұтынушылық кредиттердің көлемі 2019 жылғы маусыммен салыстырғанда 3,1 пайызға өсіп, 7,0 миллиард теңгені құрады.
Ипотекалық кредиттер. Банктердің ипотекалық кредиттері бойынша облыс халқының берешек сомасы 35,6 миллиард теңгені құрады. 2019 жылғы шілде айында берілген ипотекалық кредиттердің мөлшері 1 774,2 миллион теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2019 жылғы маусыммен салыстырғанда 0,8 пайыз немесе 14,5 миллион теңгеге өсті.
Банктердің облыстың шағын кәсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары. Банктердің облыстағы шағын кәсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары 2019 жылғы 1 тамызға 49,8 миллиард теңгені құрады. 2019 жылғы шілде айында сомасы 3,0 миллиард теңгеге кредит берілді. Бұл көрсеткіш 2019 жылғы маусыммен салыстырғанда 11,8 пайыз (2019 жылғы маусымда – 3,4 миллиард теңгеге берілді) азайды. Орташа салмақтанған сыйақы мөлшерлемесі 13,6 пайызды құрады.
Төлем карточкалар нарығы.
Айналымдағы төлем карточкаларының саны 2019 жылғы 1 тамызға 754,8 мың бірлікті немесе республикалық көлемнен 2,6 пайызды құрады, Ақмола облысы бойынша бұл карточкаларды ұстаушылар саны 670,0 мың адамды құрады.
2019 жылғы шілде айында төлем карточкалары пайдаланылған транзакциялар көлемі 41 595,9 миллион теңгені құрады (өткен аймен салыстырғанда 2,8 пайызға өсті). Транзакциялар саны 1 433,9 мың транзакцияны құрап, 7,3 пайызға өсті. Қолма қолсыз төлемдер саны 15,7 пайызға өсіп, 585,8 мың транзакцияны құрады, сомасы 7,3 пайызға өсіп, мөлшері 7 331,3 миллион теңгені құрады. Қолма-қол ақша алу бойынша операциялар 2,2 пайызға, саны 848,1 мыңға дейін өсті. Сомасы 1,8 пайызға өсіп, мөлшері 34 264,6 мың теңгені құрады.
2019 жылғы 1 тамызға төлем карточкаларға қызмет көрсету желісі мына түрде ұсынылған: 3 422 POS-терминал (2019 жылғы 1 шілдеге – 3 290), 339 (340) – банкомат, 2 182 (2 153) – төлем карточкаларын қабылдайтын сауда кәсіпорны және қызмет көрсететін кәсіпорын, 575 (578) банк киоскісі және төлем терминалы.

Ұлттық Банкі Ақмола филиалының
ақпараты бойынша.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар