Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бурабайдағы суретшілер форумы - АРҚА АЖАРЫ

Бурабайдағы суретшілер форумы

Бурабайдағы «Әлем» қонақ үйінде «Qazaqstan. A la Prima» форумдары шеңберіндегі «Бурабай аңыздары» суретшілердің халықаралық форумының ашылуы өтті.

Ақмола облысының әкімдігі мен Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы, облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы, «Qazaqstan. A la prima» серіктестігі бірлесіп өткізіп отырған форумның мақсаты мәдениет пен шығармашылықты тану арқылы халықаралық байланыс пен ынтымақтастықты қалыптастыру және нығайту, Қазақстанның сұлу табиғаты мен байлығын насихаттау.
Халықаралық форумға Корея, АҚШ, Голландия, Қырғызстан, Германия, Түркия, Вьетнам, Ресей, Өзбекстан елдерінің суретшілері келіпті.
Форумға – Суретшілер одағының өкілдері, студенттер мен өнер сүйер қауым, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Әрбір суретші өз туындыларында тілсіз табиғат, биік тау мен өзен-көлді бейнелеп қана қоймай, бабаларымыз бен батырларымыз жүріп өткен киелі жерлерді, тарихымызды бейнелеу өнері арқылы әлемге танытады. Бұнда қойылған өнер туындылары өнер музейінің экспонаттар қорын толтырады.
Елімізге алғаш келген америкалық суретші Alan Skalaski Қазақстанның кейбір аумақтары Американың солтүстік өңірлерін есіне түсіретіндігін айтты. Нью-Джерси штатында дүниеге келген 26 жастағы суретшінің Қытай елінде оқып жүргеніне үш жыл болыпты. Алайда, суретшілікпен ес білгелі айналысып келемін дейді, ол.
– Нұр-Сұлтан қаласынан Бурабайға келетін жолдағы шетсіз-шексіз иен даланың көрінісі Американың солтүстік-батыс, солтүстік-орталық бөлігін есіме түсіреді. Осы әсем табиғатты қағаз бетіне түсіруді асыға күтудемін. Бұл форум маған халықаралық суретшілермен қарым-қатынас орнатып, пікір алмасатын және олардың салт-дәстүрлері, елдері туралы тың ақпарат білуге үлкен мүмкіндік туғызатын алаң деп санаймын, – дейді Alan Skalaski. Абстрактілік суреттерді салумен көбірек шұғылданатындығын айтқан суретші өз туындыларына негізінен акварель және гуаш бояуларын қолданады екен. Қытайда жүріп, сол елдің ұлттық сурет салу өнерін де үйреніп алыпты.
Ал, Германиядан келген танымал суретші Хеттик Роберт Тәжікстанда туғанымен өзін Қазақстанмен тағдыр байланыстырғандығын айтты.
– 2005 жылы Берлинде мен қазақстандық суретшілермен бірге көрмеге өз туындыларымды қойдым. Бұдан соң да бірнеше рет қазақстандық суретшілермен түрлі көрмелерде кездесіп тұрдым. Кейін Германиядағы қазақ елшілігімен таныстым. Берлинде орналасқан Қазақ елшілігінің ғимаратында екі үлкен қабырғадағы Қазақстанның өткенінен сыр шертетін тарихи суреттерді салуға атсалысқанмын, – дейді осы шараға қатысқанын зор мәртебе санайтын Германиялық суретші.
Аймақаралық мәдени байланысты нығайтып, туризмді дамыту үшін қолайлы өңір ретінде алынған Бурабай курортының имиджін арттыруды көздейтін форумның мақсаты еліміздің көрікті жерлерін суреттеу ғана емес, сонымен бірге өнегеге толы бай тарихымызды насихаттап, әлемге таныту.
Форум нәтижесінде әр суретші 2 туындысын облысқа тарту етіп, бұл суреттер қыркүйектің 14-де «Көкшетау» мәдениет сарайында өтетін қорытынды көрмеге қойылады.
Айтолқын АМАНГЕЛДІ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар