Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Маңызды мәселелер талқыланып, шешімдер қабылданды - АРҚА АЖАРЫ

Маңызды мәселелер талқыланып, шешімдер қабылданды

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс отыз жетінші сессиясы болып өтті. Сессия жұмысына облыс әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысов облыстық мәслихат депутаттары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессияда бюджетті нақтылау бойынша ұсыныстар қаралды.

Сессияны облыстық мәслихаттың депутаты, «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі, сессия төрағасы Ғалым Бекмағамбетов ашып жүргізіп отырды. Сессияда облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Дүзелбаевтың есебі тыңдалды. Басқарма басшысының айтуынша, жылдың соңына қарай бюджеттің кіріс бөлігін асыра орындау есебінен бюджет көлемі ұлғайтылған. Бұл өз кезегінде босаған қаражатты әлеуметтік мәселелерге бөлуге мүмкіндік берді. Нақтырақ айтсақ, медициналық жабдықтар сатып алу (облыстық аурухана үшін магнитті-резонанстық томограф), атаулы әлеуметтік көмек төлеу, облыстың аудандары мен қалаларының жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорындарын дайындау және тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, тұрғын үй құрылысы, ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу және жөндеу сияқты шаралар бар.
Сондай-ақ, Ақкөл, Бұланды, Целиноград және Шортанды аудандарында 9 жоба бойынша инженерлік желілер құрылысын аяқтауға және абаттандыруға қаражат бөлінді. Бұланды, Шортанды аудандары мен Степногорск қаласында әлеуметтік-осал санаттағы 186 отбасы үшін үш тұрғын үй құрылысы аяқталатын болады. Бұдан басқа, «Қабанбай батыр – Жаңғызқұдық-Оразақ», «Балкашино-Шаңтөбе» автомобиль жолдары желісінің жағдайын жақсартуға және Астрахан ауданының Старый Колутон ауылынан шығатын жолды күрделі жөндеуге қаражат жоспарланған.
Сонымен қатар, депутаттар денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Болат Әбішевтің Бурабай ауданының Кенесары ауылында, Атбасар ауданының Мариновка ауылында, Ерейментау ауданының Павловка ауылында медициналық бекеттер ашу туралы, Целиноград ауданының Қосшы ауылында қосымша жедел медициналық жәрдем бригадасын ашу туралы ұсыныстарын бірауыздан қолдады.
Облыс әкімі аппаратының басшысы Азамат Қапышев кадрлық өзгерістерге байланысты облыстық әкімдік жанындағы консультативтік-кеңесші органдардағы өзгерістер бойынша ұсыныстарды айтты. Сессия күн тәртібінен тыс депутаттар Біржан сал ауданының бірқатар мектептерінің жылу жүйелеріне арналған қазандықтарды сатып алудың аса қажеттілігі туралы, ауыл шаруашылығына, сондай-ақ, өнімді терең қайта өңдеуге маңызды қаржы қажеттілігі туралы мәселелерді көтерді.
Депутат Әнел Ерденова Есіл ауданы тұрғындарының Раздольное – Свободное – Есіл жолының бойындағы көпірді күрделі жөндеу жөніндегі өтінішін жеткізді. Осыған байланысты облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының өкілі мәселе зерделеніп, қаражат 2020 жылы бөлінетінін айтты.
«Дипломмен – ауылға!» бағдарламасын жүзеге асыруға қаражаттың жетіспеуі бо-
йынша маңызды мәселе көтерілді, жергілікті атқарушы органдар осы проблемамен жұмыс істейді және осы бағдарлама бойынша қаражат бөлу үшін бейінді министрліктерге үнемі жүгінеді. Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар