Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай «Неке» сарайында салтанатты шара болып өтті.
Жиынды Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ғалым Шойкин құттықтау сөз сөйлеп ашып, ақжарма тілегін білдірді. Аталмыш шараға облысымыздың зиялы қауым өкілдері мен тіл жанашырлары қатысты.
– Тіл тағдыры – ел тағдырымен сабақтас. Ахмет Байтұрсыновтың «Ұлтты ұлт етіп көрсететін – оның бейнесі емес, оның тілі» деген даналы сөзі әрдайым ойымызда тұрады. Еліміздегі азаматтық татулық пен тұтастықты сақтай отырып, мемлекеттік тілдің конституциялық мәртебесін қамтамасыз етуге бәріміз атсалысуымыз керек. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзімен айтсақ, біздің елді халықтар татулығы, өзара түсінушілік, сабырлы саясат қана алға жетелейді. Бүгінгі айтулы мереке баршамызға құтты болсы, –дей келіп, басқарма басшысы жиналғандарға ыстық ықыласын білдірді.
Салтанатты шарада Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайылов, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Белла Газдиева және облыстық, республикалық байқаулардың жүлдегері, жас ақын Абзал Балтабаев сөз сөйледі.
Жиын барысында «Сөз сандық» интеллектуалды ойыны өткізіліп, концерттік бағдарламамен өз жалғасын тапты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.