Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлттық Банктің Ақмола филиалы жүзеге асыратын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы - АРҚА АЖАРЫ

Ұлттық Банктің Ақмола филиалы жүзеге асыратын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес көрсетілетін қызметтерді алушылардың өтініштері бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітілген (өзгертулер мен толықтырулар енгізілген) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Ұлттық Банктің Ақмола филиалы 3 мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асырады: «Уәкілетті ұйымдардың қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бо-
йынша қызметті жүзеге асыруға лицензия беру», «Микроқаржылық ұйымдарды есептік тіркеу», «Коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеу».
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру талабы мен тәртібін ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі №71 қаулысымен бекітілген Ұлттық Банктің стандарттары және ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2017 жылғы 31 шілдедегі №149 қаулысымен бекітілген Ұлттық Банктің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері белгілейді.
3 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ішіндегі 2 мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Электрондық үкімет» (www.egov.kz) веб-порталы арқылы жүзеге асырылады, электронды лицензиялау (www.elicense.kz) – бұл «Уәкілетті ұйымдардың қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» және «Микроқаржылық ұйымдарды есептік тіркеу». Бұл мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін қызмет алушының қолданыста электрондық сандық қолтаңбасының (ЭСҚ) болуы – маңызды шарты болып табылады.
«Коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағаз нысанында жүзеге асырылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру нәтижелері – коллекторлық агенттіктер тізіліміне коллекторлық агенттікті енгізу туралы растауды қағаз түрінде беру болып табылады.
«Уәкілетті ұйымдардың қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» және «Микроқаржылық ұйымдарды есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерден басқасы тегін көрсетіледі.
«Уәкілетті ұйымдардың қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» қызметті көрсетуде қызмет алушы қызметтің жеке түрімен айналысу құқығы үшін белгіленген мөлшерде лицензия алымын: лицензия немесе оның телнұсқасын алу үшін 40 айлық есеп көрсеткішін (бұдан әрі – АЕК), лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензияны беру мөлшерлемесінің 10 пайызын төлейді, алайда, ол 4 АЕК аспауы тиіс.
«Микроқаржылық ұйымдарды есептік тіркеу» қызметін ұсынған кезде қызмет алушы микрокредиттік ұйымды тіркеу үшін 10 АЕК тіркеуге төлем жасайды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша толық ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет – ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртібіне қатысты барлық мәселелер бойынша қызмет алушы Көкшетау қ., Әуезов көшесі, 214 мекен-жайы бойынша орналасқан Ұлттық Банктің Ақмола филиалына жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін) 8(7162) 55-18-00, 55-18-04, 55-18-06 телефондары арқылы немесе Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері туралы қызмет алушыларға ақпарат беру жұмысын қамтамасыз ететін ақпараттық – анықтама қызметінің Бірыңғай байланыс орталығына 1414, 8-800-080-7777 телефондары бойынша хабарласуға болады.
«ҚР Ұлттық Банкі» РММ Ақмола филиалының ақпараты бойынша.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар