Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Санақ жаңаша өткізіледі - АРҚА АЖАРЫ

Санақ жаңаша өткізіледі

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облыстық статистика департаментінің басшысы Ермек Мусина 2020 жылы Қазақстан Республикасында өтетін үшінші ұлттық халық санағы жөнінде толыққанды мағлұмат берді.

–Қазақстан Республикасының Үкіметімен 2019 жылғы 19 маусымда «2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы» қаулы қабылданды, Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді. Сондай-ақ, халық санағы 2020 жылғы қазанның 1 – 30 аралығында өткізіледі,–деген департамент басшысы 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы кең көлемдегі статистикалық іс-шара өткізуімен атап өтілетінін айтты.
Халық санағы – ең ірі статистикалық зерттеумен қатар, ел өміріндегі маңызды әлеуметтік-экономикалық міндет. Қазақстан Республикасы халқының үшінші ұлттық санағы «Қазақстанда әркім маңызды!» ұранымен өткізіледі. Бұл шара – еліміздегі барлық тұлғаларға қатысы бар белгілі бір уақыттағы жағдай бойынша демографиялық, экономикалық және әлеуметтік деректерді жинаудың, қорытындылаудың, талдаудың және жариялаудың бірыңғай үдерісі. Сынақтың мақсаты – қанша екенімізді және қандай екенімізді, халықтың құрамы мен тұрмыс жағдайы туралы мәліметтерді білу және өткен халық санағынан кейінгі уақыттағы өзгерістерді бағалау. Нәтижесінде кең ауқымдағы демографиялық және әлеуметтік-экономикалық ақпарат, ТМД елдері мен Еуразиялық экономикалық одағы тәрізді басқа елдер санақтары деректерімен салыстырмалы деректер алынады. Халық туралы статистикалық деректердің сапасына көңіл бөлінеді. Экономикалық болжау үшін деректер алынып, жұмыспен қамту саласында саясат белігіленеді. Әлеуметтік бағдарламалар құрылады. Қазақстан халқының ұлттық халық санағы 1999, 2009 жылдары өткізілді.
–Халық санағын дайындау және өткізу үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика министрлігі Статистика комитетіне және оның аумақтық органдарына жүктелді. Жергілікті атқару органдары және жеке департаменттер мен басқармалар алдында Ақмола облысы халқының санағын дайындау және өткізу бойынша маңызды және жауапты міндеттер тұр. Ақмола облысы халқының арасында алдағы 2020 жылғы ұлттық халық санағының бұқаралық-түсіндіру жұмысын ақпараттық қолдаудың медиа-жоспары бекітілді. Егер екі өткен санақта қағаз санақ парақтары қолданылса, 2020 жылы халық санағын он-лайн режимінде Интернет желісін пайдаланып өзіндік толтыру тәсілімен және портативті есептеу құрылғылар (планшеттер) арқылы өткізу жоспарлануда. Сондықтан, халық санағында қазіргі ақпараттық технологияларды пайдаланып, дәлірек айтқанда, Интернет желісі арқылы – халықтың 30 пайызын және портативті есептеу құрылғылар арқылы (планшеттік компьютер) – халықтың 70 пайызы қамтылмақшы, –деген Ермек Мусина журналистер қойған сауалдарға жауап берді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар