Latyn qarpіmen dıktant jazdy

Достық үйінде Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасын жүзеге асыру

мақсатында латын қарпіне негізделген жалпыхалықтық диктант жазу шарасы болып өтті. Оған этномәдени бірлестіктердің, жастар ұйымдарының өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, қоғам қайраткерлері, студенттер барлығы 18 630 адам қатысты.

Елбасының бастамасымен латын әліпбиіне көшу қарқын алып келеді. Аталмыш шараның басты мақсаты – қазақ әліпбиін насихаттау арқылы, тәжірибелік тұрғыдан меңгеруге дағдыландыруға бағытталған. Диктанттың мәтіні биылғы Жастар жылына орай осы тақырыпқа негізделді.
Бұл жерде екпін түсіре айта кететін шараның басты мақсаттарының бірі – Елбасымыз бекіткен әліпбидің соңғы нұсқасына орай Тіл комитеті жасаған емле-ереженің жобасын халықпен бірге талқылау болып табылады. Сонымен қатар, мәтін жазған кезде көбіне қандай қателіктер кетеді, қандай мәселелерге мән берген дұрыс деген сұрақтарға жауап алу.
Диктантқа қатысқан студенттердің бірі Алмагүл Сәдуақасова латын әліпбиімен жазу аса қиындық тудырмағанын тілге тиек етті. «Күнделікті әлеуметтік желілерді пайдаланғанда латын графикасын қолданамын»,–дейді Алмагүл.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, диктантқа қатысушылардың 79 пайызы сауатты жазып, жақсы баға алған. Мұның өзі көпшіліктің латын әліпбиіне деген пікірінің оң екендігін көрсетеді. Жоғарыдағы пайыздық көрсеткіш те осы бағыттағы ізденіс пен ынта-ықыластың нәтижесі деп түсінуге болады. Бұған ендігі жерде болашақтары осы латын әліпбиімен байланысты болатын жастардың түзу ден қойғандары қажет-ақ.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Суретті түсірген
Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар