Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тағылымы мол тілдер мерекесі - АРҚА АЖАРЫ

Тағылымы мол тілдер мерекесі

Облысымызда қыркүйектің 5-і, ұлт қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың туған күні, тілдер онкүндігі бастау алды. Ол қыркүйек айының 18-іне дейін жоспарланып отыр. Онкүндік шеңберінде Көкшетау қаласы бойынша дөңгелек үстел, байқау, әдеби-сазды кештер, кездесулер, конференция, ашық сабақтар, шығарма және сурет байқаулары тәрізді 300-ге жуық шара өткізу жоспарда бар.

5 қыркүйек күні «Тіліміздің теңдігі ұлтымыздың елдігі» шарасымен басталған онкүндік «Текті сөздің төресі – терме» жыршы-термешілердің, үш тілді жетік білетін жастар арасында «Тілдарын» байқаулары, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орайластырылған «Абай – дана, Абай – дара қазақта» акциясы, «Тіл – ұлттың тарихы мен тағдыры» зияткерлік сабақ, «Атаның сөзі – ақылдың көзі» көнерген сөздері насихаттау мақсатындағы тіл танымдық сайыс, әр сала қызметкерлері арасында зияткерлік сайыс «Сөз тапқанға қолқа жоқ», «Ән халықтың ажары» өзге ұлт өкілдері арасында қазақша караоке, «Funny Tnglish» competition lesson (қызықты шет тілі) сайыс сабақ және Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында 13 қыркүйек күні өтетін «Жаңғырудың жаңа белесі – латын әліпбиі» ғылыми-практикалық конференциясымен жалғасады. Іс-шараға Алматы, Түркістан қаласынан арнайы қонақтар шақырылды.
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары сіздерді Қазақстан халықтарының Тілдер мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, онкүндік аясында өтетін барлық іс-шараларға шақырамыз.
Тілдің қай қоғамда, қандай елде болмасын орны бөлек. Тіл болмаса, тірліктің де мәні жоқ. Тіл туралы терең ойлану қоғам үшін, қоғамның әр азаматы үшін парыз болып саналады. Олай болса, тағылымы мол тілдер мерекесін бірге атап өтейік.
Айгүл СӘБИТОВА,
Көкшетау қалалық мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар