Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жастар еліне пайдасын тигізуі тиіс - АРҚА АЖАРЫ

Жастар еліне пайдасын тигізуі тиіс

Бұл Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ел тізгінін қолға алғаннан бері ел халқына жария еткен ең алғашқы Жолдауы болып табылады.

Жолдаудың әрбір бөлімі халықтың жағдайы мен әлеуетін жақсарту, еліміздің экономикасын нығайту, рухани құндылығымызды сақтау, азаматтық құқықтар мен ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты мәселелерді арқау етеді.
Сондай-ақ, Президентіміз «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыру, аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдау мақсатында дарынды баланың қабілетін дамытудың жол картасын әзірлеу, жоғары оқу орны түлектерін жұмыспен қамту, университеттер санын қысқарту мәселесін қарастыру керек екені жөнінде сөз қозғады.
«Тамыз конференциясында алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбек ақысын екі есе арттыруды тапсырдым. Бұл – келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өседі деген сөз» деп ұстаздардың еңбегін бағалауы да мектептердегі мұғалімдердің жетіспеушілігін жою мақсатындағы сындарлы саясаты деп ойлаймын. Сонымен қатар, жасөспірімдер арасындағы суицид мәлелесімен мақсатты түрде айналысу керек деп атап өткені де өте орынды.
Мемлекет басшысының ел алдына қойған талаптарын бұлжытпай орындау – басты міндет. Әрбір қазақстандық, әрбір жас жеке тұлға ретінде өзін дамытып отырса, елге пайдасын тигізері сөзсіз.
Жеңіс БАЛАБЕКОВ,
Ақмола облысы жастар ресурстық орталығының қызметкері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар