Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақ тілінің келешегі жастардың қолында - АРҚА АЖАРЫ

Қазақ тілінің келешегі жастардың қолында

Тілдер онкүндігі және Жастар жылы аясында Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде «Қазақ тілім – мәңгі жасар байлығым» атты жастар форумы өтті.

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің тәрбие жөніндегі атқарушы проректорының орынбасары Динара Кәрімқызы ашып, жүргізіп отырған шараға облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сабырхан Кенжебаев, тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Айгүл Талпақова, қоғамдық бірлестік өкілдері мен студент жастар қатысты.
Бүгінде аталған университет білім беру қызметінің аймақтық нарығындағы алдыңғы орында келе жатқан жоғары оқу орындарының бірі саналады. Мұнда жастар бакалаврияттың 24, магистратураның 13 және докторантураның екі мамандығы бойынша білім алуда. Университетте 24 ғалым-доктор мен 122 ғылым кандидаты, 3 phD докторлар сабақ береді. Жоғары оқу орнының студенттері бірнеше жыл қатарынан мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге бағытталған қалалық, облыстық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.
Мемлекеттік тілді одан әрі дамыту, мәртебесін көтеру мақсатында өткізілген шарада басқарма басшысының орынбасары Сабырхан Кенжебаев қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші жастар болып қала беретінін, бүгінгі жастар озық идеялармен қаруланып, еліміздің дамып-өркендеуіне барынша үлес қосып келе жатқанын атап өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауда айтқан: «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді. Бірақ, мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек» деген пікірі ел азаматтарына бағдар болуы керектігін айтты.
–Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі – қазақ тілі барлық салаларда қолданылып, шын мәнісінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілуі жастардың қолында. Жастар арасында өзге тілдерді меңгеріп, қазақ тілін жақсы біле тұра, көшеде, білім ордаларында көбінесе орыс тілінде сөйлеуі белең алды. Қазіргі таңда өмірдің өзі біздің көп тіл білуімізді қажет етеді. Бірнеше тіл білген жақсы. Бірақ, ең алдымен өзіміздің ана тілімізді қастерлей білейік. Елімізде мемлекеттік тілді үйренуге барлық жағдай жасалған. Елбасымыздың бастамасымен шетелдің 100 озық оқулығы қазақшаға аударылды. Бұл да сіздерге, яғни, жастарға жасалып жатқан зор қамқорлық, – деді Сабырхан Кенжебаев.
Жалынды жастардың атынан мінбеге көтерілген «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайрат Сейітқазиннің, Мәлік Ғабдуллин музейінің ғылыми қызметкері Үсен Табысбектің, «Ақмола облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мәнсия Есекееваның, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенті Ботагөз Әбсадықтың және Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің магистранты Милана Пираеваның сөздерінде де мемлекеттік тілге деген құрмет кеңінен көрініс тапты. Форум одан әрі пікір алмасуға ұласып, концерттік бағдарламамен өз мәресіне жетті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар