Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Салтанатты жағдайда ант қабылдады - АРҚА АЖАРЫ

Салтанатты жағдайда ант қабылдады

Облыс орталығындағы Тәуелсіздік алаңында еліміздегі бірегей оқу орны – Көкшетау техникалық институтының күндізгі оқу бөліміне қабылданған курсанттардың

салтанатты ант қабылдау рәсімі өткізілді. Салтанатты шараны институт бастығы, азаматтық қорғау полковнигі, техника ғылымдарының докторы Сырым Шәріпханов ашып, Қазақстан
Республикасы Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар Комитеті төрағасының орынбасары Талғат Нұрмағамбетов құттықтау сөз сөйледі.

Институт бастығы өз сөзінде жоғары оқу орнының тарихы мен бүгінгі ұстанымдары жайлы айта келіп, биылғы курсанттардың бесеуі мектепті Алтын белгімен, үшеуі үздік аттестатпен бітіргенін атап өтті.
Талғат Нұрмағамбетов азаматтық қорғау кәсібінде Отанға сүйіспеншілік, азаматтық және әскери парызға адалдық, абырой, батылдық, төзімділік, өзара қамқорлық қасиеттері маңызды орын алатындығына ерекше екпін түсірді.
2019 жылы бірыңғай ұлттық тестілеу қорытындысы бойынша және институттың дене шынықтыру мен спорт, медициналық, психофизиологиялық ішкі сынақтары нәтижесінде курсанттар қатарына 189 адам қабылданды. Бүгінгі ант беру рәсіміне қатысқан 140 курсанттың 10-ы Қырғыз Республикасының азаматтары. Сондай-ақ, үкіметаралық келісімдерге сәйкес, 37 курсант Ресей және Беларусь Республикасы Ішкі істер министрліктерінің сәйкес жоғары оқу орындарына жолданды. Осыған байланысты олар ант қабылдау рәсімін ертерек өткізді.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында азаматтық қорғау саласында өз ісінің кәсіби шеберлері жұмыс істеуі қажеттігіне назар аударды.

Тиімді жұмыстың басты шарты қызметтер мен бөлімшелерді білікті кадрлармен жасақтау, қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыру болып табылады. Сондықтан, респуб-
лика Ішкі істер министрлігі ведомстволық білім ошағына айрықша көңіл бөледі. Бүгінгі күні азаматтық қорғау органдарын жоғары кәсіби мамандармен қамтамасыз ету ісімен Көкшетау техникалық институты айналысады. Бұл азаматтар қазіргі кезде азаматтардың өмірі мен ұлттық байлығымызды табиғи және техникалық сипаттағы төтенше жағдайлардан қолдау бағытында абыройлы қызмет атқаруда.
Салтанат барысында отставкадағы генерал-майор, Көкшетау қаласының Құрметті азаматы Владимир Рыбинский мен ата-аналар атынан сөз алған Жансила Шамдилова институт ұжымына тәрбие ісінде табыстар, курсанттар қауымына еліміздің лайықты азаматтары болуларына тілектестігін білдірді. Институтқа биыл қабылданған курсант Асылбек Қапанов ант қабылдаушылардың жақсы білім алып, өз қызметтерін адал атқаратындықтарына кәміл сенімді екендігін атап көрсетті.
Бұл ретте, бірінші курс курсанттарынан ант қабылдау рәсімін 25-ші рет өткізіп отырған Көкшетау техникалық институты осынау салыстырмалы түрдегі қысқа мерзімде Қазақстан жоғары оқу орындары арасында салмақты орны бар екендігін дәлелдеп отырғанын да айта кеткіміз келеді.

Бақберген Амалбеков,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар