Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ысырапшылдықтан аулақ болайық - АРҚА АЖАРЫ

Ысырапшылдықтан аулақ болайық

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауы бірқатар әлеуметтік мәселені қозғап отыр.

Мемлекет басшысы Ұлт тірегі – тіл мәселесіне назар аударып, қазақ тілі ұлтаралық қатынас тілі бола алатынын мәлімдеді. Сондай-ақ, ол тарих тағылымын танытатын ірі тұлғалар төңірегінде де сөз қозғалды. Шығыстың ұлы ғұлама ойшылы Әл Фарабидің 1150, ұлы Абайдың 175 жылдығы аталып өтетінін айтып, мерейтойларда ысырапшылдыққа жол берілмеуіне назар аударды. Біраздан бері жер мәселесі көптің көкейінде жүрген мәселе болатын. Осы Жолдауда жер мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Президент «Жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Оған жол берілмейді. Ол туралы қауесетті тоқтату керек. Бірақ жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету – біздің міндетіміз» деп нығыздап айтты. Ұлттық қорды тиімді пайдалану, еңбекақы төлеу деңгейін арттыру, этно туризмді дамыту тәрізді бірқатар мәселелерді шешу қарастырылды. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдау үшін Үкіметке дарынды балалардың қабілетін дамытудың жол картасын әзірлеуді тапсырғаны және оқушыларға үйірмелер мен жазғы лагерлер ұйымдастыруы біздің көңілімізден шықты. Оқушылар мен мұғалімдер үшін оқулық сапасының жоғары болуы аса маңызды. Осы төңіректе дұрыс, тиімді ой айтылды.
Мемлекет басшысының айтқанындай, бәріміз бірге болсақ, еліміз бұдан да зор жетістікке жетіп, экономикамыз қарқынды дами беретіні сөзсіз.
Ермек СОВЕТҰЛЫ,
кәсіпкер.
Атбасар ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар