Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жануарлар дүниесіне зиян келтірілуде - АРҚА АЖАРЫ

Жануарлар дүниесіне зиян келтірілуде

Облысымыздың 14 миллион гектардан астам аумағын түрлі жабайы жануарлар мекендейді. Атап айтсақ, тұяқты жануарлардың 6 түрі (бұлан, бұғы, қабан, елік, киік, арқар) және басқа да сүтқоректілер мен құстардың бірнеше түрі бар.

Жабайы жануарлар санын арттыру және сақтау, олардың мекен етуіне қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ аң аулауды тиісті тәртіпке келтіру мақсатында аңшылық шаруашылығының субъектілерімен 652 адамнан тұратын қорықшылық қызмет құрылды. Әрбір қорықшыға қорықшылық учаскесі бекітіліп берілді. Оның аумағы аңшылық шаруашылығының санатымен белгіленген. Қорықшылық қызмет алға қойған міндеттерді орындау үшін 769 көлік, оның ішінде 441 автокөлік, 9 мотоцикл және 46 трактор, 195 қарда жүргіш, 22 бас жылқымен, 56 басқа да (қайықтар, АН-2 ұшағы) автокөлік түрлерімен қамтамасыз етілді.
Браконьерлікпен күресті күшейту және жануарларды қорғау мақсатында Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары, аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың инспекторлық құрамы, «Охотзоопром ӨБ» кәсіпорны рейдтік іс-шаралар жүргізді.
Өкінішке орай, бүгінгі таңда браконьерлік фактілер жиі орын алуда. Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары 2019 жылдың 8 айы ішінде 280-нен астам заң бұзушылықты анықтады. Кінәлілерге 3 347 526 теңге көлемінде айыппұл салынды. Тоғыз заңсыз аң аулау фактісінің беті ашылды. Оның барысында 130 киік, 1 бұлан, 3 елік, 5 суырдың заңсыз ауланғаны белгілі болды. Жануарлар дүниесіне келтірілген залал сомасы
1 миллиард 400 миллион теңге. 23 миллион теңгесі мемлекетке қайтарылды. Инспекция-
мен келтірілген залалды өндіру бойынша жұмыстар жалғасуда.
Олжас ҚАРПЫҚОВ,
Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар