Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Тілдарында» танылған дарындар - АРҚА АЖАРЫ

«Тілдарында» танылған дарындар

Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында

үш тілді жетік меңгерген жастарды анықтау және ынталандыру, қазақстандық патриотизмді нығайту, тілдік мәдениетті тәрбиелеу мақсатында «Тілдарын» облыстық олимпиадасы өтті.

Ереже бойынша олимпиадаға 18-22 жас аралығындағы жастар қатысты. Олимпиада төрт кезеңнің тапсырмаларынан тұрды. Биылғы байқаудың басты ерекшелігі тапсырмалар кезеңіне ҚАЗТЕСТ жүйесінің қосылуы болды.
Олимпиадаға Көкшетау, Степногорск қалалары мен Ақкөл, Атбасар, Бурабай, Бұланды, Есіл, Зеренді, Жақсы, Қорғалжын, Шортанды аудандарының үміткерлері қатысып, өз білімдерін сарапқа салды.
Ақмола облыстық оқу-әдістемелік орталығының қазақ тілі пәнінің оқытушысы Ләззат Қоқышева, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті орыс филологиясы және кітапхана ісі кафедрасының аға оқытушысы Сапар Қасенов, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі шет тілдері кафедрасының меңгерушісі, педагогика және психология ғылымдарының магистрі Гүлзат Мыңбаева олимпиадаға қатысушылардың білімдерін бағалады. Байқауға бағын сынамаққа келген жастардың тілдерді меңгеру деңгейі, жазу сауаттылығы мен дыбыстардың дұрыс айтылуы, жауаптың оралымдылығы мен толықтығы, жауаптың мазмұндылығы мен ерекшелігі, сахнада өзін-өзі ұстауы, берілген уақытын дұрыс пайдалануы ескерілді.
«Алуан-алуан жүйрік бар, бабына қарай шабады» демекші, қазылар алқасының шешімімен үш тілді жетік меңгерген білімді жастар арасынан үздік деп танылған көкшетаулық Қуаныш Қайырова жүлделі 1-ші орынмен марапатталды. Ал, Жақсы ауданының бұл байқауға үкілеп қосқан жас дарыны Әсел Жаңабергенова жүлделі 2-ші орынға ие болды. Степногорск қаласының тұрғыны Айнагүл Зинулла 3-ші орынды қанжығасына байлады.
Олимпиада жеңімпаздары дипломдар, Алғыс хаттар және ақшалай сертификаттармен марапатталды. Ал, байқаудың 1-ші орын иегері Қуаныш Қайырова қазан айында Шымкент қаласында өтетін республикалық «Тілдарын – 2019» олимпиадасында Ақмола облысының намысын қорғайтын болады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретте: байқаудан көрініс.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар